20.01.2010, 15:08 5370

"Жол картасына" арналған қаржысының бір бөлігі қоқыс өңдеу өндірісін құруға жұмсалады - Кәрім Мәсімов

"Жол картасына" арналған қаржысының бір бөлігі қоқыс өңдеу өндірісін құруға жұмсалады - Кәрім Мәсімов

Астана. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - "Жол картасына" арналған қаржысының бір бөлігі қоқыс өңдеу өндірісін құруға жұмсалады. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Меніңше, "Жол картасына" арналған қаржысының бір бөлігін, сөзбұйдаға салып жатпай-ақ, биылдың өзінде қоқыс өңдеу өндірісін құруға жұмсау қажет. Ол қоқыс салатын бөшкелер жасаудан бастап, өнім түрлеріне дейін бөлшектеуге дейінгі күрделі өндіріс құруға бағытталуы қажет", - деді Кәрім Мәсімов.

"Ірі қалалар өскен сайын ауыз су мен қоқыс мәселесінің өзектілігі арта түсті. Қоқыс өңдеу мәселесі бойынша қалай жұмыс істеу керектігін әлемдік тәжірибе қазір көрсетіп отыр. Сіз бұл мәселені облыс әкімдерімен бірлесе отырып, бақылауыңызға алуға тиіссіз", - деді премьер ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Ишімовке қаратып айтқан сөзінде.

Оның айтуынша, ең алдымен бұл жұмысты Астана мен Алматыда іске асырып, "сосын басқа қалаларға ден қою қажет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны