15.04.2016, 18:17 4737

Жолаушыларды тасымалдау тарифі көтеріледі

Қазіргі уақытта аталған пойыздарда билетті сатып алу мерзіміне (пойыздыӊ жүруіне қанша күн қалғанына) байланысты қосымша 40 пайызға дейін жеӊілдіктер бар. Бұдан бөлек, әлеуметтік қолау көрсету мақсатында жолаушылардыӊ кейбір топтарына арнайы жеӊілдіктер беретін дисконтты карталар шығарылды. Мәселен, "Ардақты ана", "Қамқор" немесе "Ардагер+" дисконтты картасына ие жолаушы күні бұрын билет алса 70 пайызға дейін жеӊілдікке қол жеткізе алады.

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігініӊ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетініӊ 2016 жылғы 14 сәуірдегі хабарламасыныӊ негізінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ залалдылық мөлшерін азайту мақсатында және пайдалану шығындарына деген бағалардыӊ өсуіне байланысты темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау тарифтерініӊ 2016 жылғы 25 сәуірден бастап:

- "Жолаушылар тасымалы" АҚ құрастырған вагондардыӊ барлық типтерімен облысаралық қатынаста темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау 10%-ға өсетіндігі туралы хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл жерде сӊғы рет темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау тарифі екі жылдан астам уақыт бұрын 2014 жылдыӊ қаӊтарында 7%-ға көтерілгенін айта кету керек.

Сонымен бірге, "Тұлпар-Тальго" пойыздарында икемді тариф жүйесі, яғни билетті сатып алу мерзіміне қарай жеӊілдіктер сақталады.

Қазіргі уақытта аталған пойыздарда билетті сатып алу мерзіміне (пойыздыӊ жүруіне қанша күн қалғанына) байланысты қосымша 40 пайызға дейін жеӊілдіктер бар. Бұдан бөлек, әлеуметтік қолау көрсету мақсатында жолаушылардыӊ кейбір топтарына арнайы жеӊілдіктер беретін дисконтты карталар шығарылды. Мәселен, "Ардақты ана", "Қамқор" немесе "Ардагер+" дисконтты картасына ие жолаушы күні бұрын билет алса 70 пайызға дейін жеӊілдікке қол жеткізе алады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны