15.02.2016, 10:57 3280

Жолдан қалдырған жарияланымсыз ақша

Бұл азаматшаны ұстауға себеп болған нәрсе - оныӊ қол сөмкесінен табылған жарияланымсыз 17 700 АҚШ доллары болды. Табылған ақшаға акт жасалынып, иесімен бірге Алматы қаласыныӊ кедендік бөліміне тапсырылды.

Алматы. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ халықаралық әуежайында "Алматы - Сеул" бағытымен ұшқалы тұрған КС 909 әуе рейсін тексеру барысында "Алматы" шекаралық бақылау отрядыныӊ шекарашыларына 40 жастағы қазақстандық азаматшаны ұстауға тура келді. Бұл азаматшаны ұстауға себеп болған нәрсе - оныӊ қол сөмкесінен табылған жарияланымсыз 17 700 АҚШ доллары болды. Табылған ақшаға акт жасалынып, иесімен бірге Алматы қаласыныӊ кедендік бөліміне тапсырылды. Тексеру әрі қарай жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны