19.02.2015, 13:07 4478

Жүйкені жүндейтін дәрі

Қазақ-ресей шекарасында тұрған қазақстандық шекарашыларымыз психотропты затты алып өтпек болған азаматтарды ұстады

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақ-ресей шекарасында тұрған қазақстандық шекарашыларымыз психотропты затты алып өтпек болған азаматтарды ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, Петропавл шекара отрядына қарасты "Жаӊажол авто" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары жүйкені емдеуге арналған, әсер етуі өте күшті "Трамадол" дәрісін елімізден Ресейге заӊсыз әкетіп бара жатқан екі ресейлік азаматты ұстады. Тексеріп қарағанда 3 пәшкідегі 5 ампула дәрініӊ салмағы 30 грамм болып шықты.

Аталған дерек бойынша Мамлют аудандық құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары басталды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны