06.04.2012, 09:39 4221

Жұма күнге арналған ауа райы болжамы

Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан соғатын жел 18-23 м/с-қа дейін күшейіп, кейде 28 м/с-қа дейін жетеді. Қостанай облысының жекелеген аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде тұман болады деп күтілуде.

Астана. 6-сәуір. Kazakhstan Today - Көлемді антициклон Қазақстанның барлық дерлік аумағында ықпалын сақтап, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің Қазгидрометке сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін көлемді антициклон Қазақстанның барлық дерлік аумағында ықпалын сақтап қалады, республиканың тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандары атмосфералық аумақтар ықпалында болады.

Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан соғатын жел 18-23 м/с-қа дейін күшейіп, кейде 28 м/с-қа дейін жетеді. Қостанай облысының жекелеген аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде тұман болады деп күтілуде.

Маңғыстау, Атырау, түнде Ақмола, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, түнде Жамбыл, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жақын тәуліктерде Орал (БҚО бойынша), Есіл, Тобыл, Ертіс өзендерінде мұз құрсауының одан әрі көбесінің сөгілуі мен еруі күтіледі. ШҚО өзендері мен бұлақтарында мұз еріп, сең жүруі, беткейлік ағындардың, мұз бөгелістерінің құрылуы, тасқындар мен су басулардың орын алу мүмкіндігі зор. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының өзендерінде су деңгейінің ауытқулары байқалады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында тасқындардың күшеюі, су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде су деңгейі көтеріліп, тасқындар мен су басулар орын алуы да мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны