13.06.2012, 10:58 5139

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы Оралда өз нәтижесін берді

Оралдық Қайрат Испанов қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы құрылысшы- монтажшы курсын оқып, мұнай-газ кен орындарына қызмет көрсетумен айналысатын компанияға жұмысқа қабылданды.

Астана. 13-маусым. Kazakhstan Today - "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы Оралда өз нәтижесін берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оралдық Қайрат Испанов қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы құрылысшы- монтажшы курсын оқып, мұнай-газ кен орындарына қызмет көрсетумен айналысатын компанияға жұмысқа қабылданды.

"Мен сегіз ай бойы жұмыссыз жүрдім. Сосын "Жұмыспен қамту" бағдарламасы жайлы таныстарымнан естіп біліп, қалалық жұмыспен қамту орталығына келдім. Осы жерде мен курсқа жазылып, оны тегін оқып шықтым. Міне, қазір "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы арқылы мұнай газ кен орындарына қызмет көрсететін фирмаға құрылысшы-монтажшы болып жұмыс істеп жатырмын. Ұжымымыз жақсы. Барлығы ұнайды", - дейді Қайрат Испанов.

Қ.Испанов жұмысқа тұрған бұл компания жұмысшыларды зиянды газдың әсерінен қорғау қызметімен, бұрғылау кезіндегі қалдықтардан тазартумен айналысады, консалтингтік қызметтер көрсетеді, қорғаныш заттарын жеткізеді.

Қалалық жұмыспен қамту бөлімінің ақпараты бойынша, "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша 300 әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруға 57 млн. теңге бөлінді, сондай-ақ жастар тәжірбиесіне 110 млн. теңге бөлініп, 600 түлек жұмысқа орналастырылды. Қазіргі таңда 37 жұмыс берушімен 300 әлеуметтік жұмыс орынын ашуға келісім жасалды. Жұмыссыз жүрген 82 адам еңбекпен қамтылды. 111 жұмыс берушімен 600 адамды жастар тәжірбиесі арқылы еңбекпен қамтуға келісім жасалды, оқу орындарының 306 түлегі де жұмыс орынын тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны