23.08.2012, 14:39 3112

Жұмыспен қамту бағдарламасына 64 мыңнан астам адам қатысуда

Қазақстанда жұмыссыз азаматтарды оқыту және жұмыспен қамту арқылы еліміздің еңбек әлеуетін арттыруға бағытталған "Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020" жүзеге асырылуда. 7 айдың қорытындысы бойынша "Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020" қатысушылары саны 64 мыңнан асқан.

Астана. 23-тамыз. Kazakhstan Today - Жұмыспен қамту бағдарламасына 64 мыңнан астам адам қатысуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда жұмыссыз азаматтарды оқыту және жұмыспен қамту арқылы еліміздің еңбек әлеуетін арттыруға бағытталған "Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020" жүзеге асырылуда. 7 айдың қорытындысы бойынша "Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020" қатысушылары саны 64 мыңнан асқан.

ҚР Президенті Н.И.Назарбаев "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты халыққа Жолдауында Жұмыспен қамту бағдарламасын кең көлемде жүзеге асыруға көшуді тапсырса, "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам" бағдарламалық мақаласында жұмыспен қамту саласын одан әрі жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпарына қарағанда, үстіміздегі жылғы 7 ай ішінде 64,7 мың қазақстандық бағдарлама қатысушысы болып, әлеуметтік келісімдерге қол қойған. Ирі қосымша оқытусыз бос жұмыс орындарына 8,5 мың адам жұмысқа орналастырылған.

"Илеуметтік келісімдерге қол қоюшылардың 46 522 жұмыссыз азаматтар. Өзін өзі қамтамасыз ететін азаматтардың үлесі 23%, аз қамтылған азаматтардың үлесі - 4,4%", - делінген ведомство ақпарында.

Жұмыспен қамту бағдарламасының оқыту және жұмысқа орналасуды көздейтін І бағыты бойынша, 49,7 мың қазақстандық оқу оқыған, 38,2 мың адам кәсіби даярлықтан, 9,7 мың адам қайта даярлаудан өткен. Оқу бітірген 9,8 мың қатысушы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Оқу бітіргендер арасынан жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Қостанай, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген.

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған ІІ бағыт бойынша 3 364 адам шағын несие алған. Қазіргі кезде 2,5 мыңнан астам адам өз істерін ашқан. Кәсіпкерлік негізін 3,7 мың адам оқыған.

Бағдарламаның еңбек ресурстарының ұтқырлығын көтеру жөніндегі ІІ бағытына келетін болсақ, жоспарланған 1115 үйдің 1391 пәтерлі 427 үйі салынған. Бағдарлама қатысушылары 251 үйге қоныстанды. Қазір 497 үйдің құрылысы салынуда.

Сонымен қатар, IV бағыт бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы орта және жоғары әлеуетті ауылдарда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жүргізілуде.

7 айдың қорытындысы бойынша ауылда 4,8 мыңдай жұмыс орны құрылып, онда бүгінде 4771 адам жұмыс істеп жатыр. Бұдан басқа 309 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жөндеу жоспарланған, ауылдардың инженерлік-көлік инфрақұрылымдары нысандарын қайта жөндеу, коммуналдық сала мен ауылдарды абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде.

Жоғарыда аталған жұмыс орындарын құруға, оқытуға және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдауға байланысты шараларды жүзеге асыру еңбек нарығындағы көрсеткіштерге оң әсер етеді. ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2010 жылдан бастап күні бүгінге дейін жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 471 мыңға артып, 8,5 млн адамды құраған.

Жұртшылықтың жұмыспен қамтылуын арттыру ҚР Үкіметінің экономиканың тұрақты өсуіне, республиканың еңбек нарығын дамытуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған басты мақсаты болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны