Жыл басынан 4 042 адам пневмониядан көз жұмды, 2019 жылмен салыстырғанда 1,9 есе өсті
Алматы. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 1 тамыздан бастап COVID-19 шалдыққандардың статистикалық дерегін жаңа әдіспен жинақтай бастады. Аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа кодтары негізінде зертханада анықталған КВИ мен ПТР-тест нәтижесі таза болғанымен, пневмонияға шалдыққан науқастар бірге есепке алынады.
Коронавирус инфекциясын кодтау алгоритміне сәйкес, қазір зертханада анықталған жағдайларға U07.1 коды және расталмаған немесе ықтимал жағдайларға U07.2 коды қолданылады. Бірінші және екінші код қойылған науқастар COVID-19 жұқтырған деп есептеледі.
"Бұл тәсіл дұрыс болжам жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадр, төсек-орын, медициналық жабдық, дәрілік заттарды жоспарлауға мүмкіндік береді, сондай-ақ статистиканың ашықтығын қамтамасыз етеді",- деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баспасөз-конференциясында.
ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Кэролайн Кларинвильдің пікірінше, жаңа әдістеме қоғамдық денсаулық сақтау саласында іс-шаралар, медициналық мекемелердің жұмысын ұйымдастыру және олардың жүктемесі ауырлаған кездегі жұмыс істеу қабілеті сияқты медициналық-санитариялық шаралар негізінде нақты, уақытылы және стандартталған медициналық ақпарат ұсынудың маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік береді.
Биыл 13 наурыз бен 2 тамыз аралығында 92 662 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 1 058 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, биыл 1 қаңтардан 2 тамыз аралығында 256 541 азамат пневмонияға шалдыққан. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген науқастар саны 3,3 есеге артты (76 985 жағдай). Министрлік осы статистика негізінде пневмониядан болған өлім-жітімге анализ жасауда.
Жыл басынан 4 042 адам пневмониядан көз жұмды, 2019 жылмен салыстырғанда қайғылы жағдай 1,9 есе өсті (2 033 жағдай).
13 наурыздан бастап науқастардың 67,4%, яғни 62 511 пациент жазылып шықты, соңғы тәулікте - 672 адам аурудан айыққан. Әсіресе Батыс Қазақстан (87%), Алматы (80%), Түркістан (79%), Қостанай (75%), Ақмола (73%), Маңғыстау (72%) облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында (73%) жазылып шыққандар саны көп.
Қатаң карантиндік шектеулердің нәтижесінде республика бойынша (4,0-ден 1,6-ға дейін), сондай-ақ Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында, Шымкент қаласында тәулік ішінде тіркелген науқастар санының азайғаны байқалады.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Бакуда Қазақстан мәдениетінің онкүндігі өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ташкентте қазақ киносының күндері өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Брюссельде Қазақ киносының күндері өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды
Музыка - баршаға түсінікті әмбебап тіл. Бүгінгі концерт мәдениет арқылы халықтарымызды жақындастырып, болашақ әріптестікке берік негіз қалайтынымызды айқын көрсетті", - деп атап өтті Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті
Қазақстанның Қытайдағы достары Клубы" қазақ дипломаттары, ҚХР мемлекеттік органдары мен Орталық Азия бойынша жетекші қытай мамандары арасында тұрақты пікір алмасуға арналған сараптамалық алаң болып табылады. 2015 жылдан бері өткізілетін Клуб отырыстары өзекті ішкі саяси, экономикалық және өңірлік процестерді, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты және көпсалалы ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегін талқылауға арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 22:01Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді 15.12.2025, 23:10 180471Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 180221Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 175031Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты17.12.2025, 11:28 144591Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
10.12.2025, 17:08 183846Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады15.12.2025, 22:01 180771Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 23:10 180471Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 180221Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 175031Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты

