23.11.2020, 23:12 12867

Жыл соңына дейін еліміздің барлық аудандарында сервистік әкімдіктер ашылады - антикор

Бүгінгі таңда ел бойынша аудандық және қалалық әкімдіктердің 163-і немесе 76% - ы сервистік жұмыс форматына көшті.

Алматы. 23 қараша. Kazakhstan Today - Жыл соңына дейін еліміздің барлық аудандарында сервистік әкімдіктер ашылады - антикор

Халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыру, сондай-ақ ел Президенті бастамашылық еткен "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Adaldyq ala?y" жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында мемлекеттік органдарды трансформациялауды жүргізіп, олардың жұмысын сервистік үлгіге көшіруде.

"Adaldyq ala?y" жобасының негізгі бағыттарының бірі - мемлекеттік органдар жұмысының тұтынушыға бағдарланған үлгісіне көшу арқылы халық үшін мемлекеттік қызметшілердің ашықтығы мен қолжетімділік қағидаттарын қамтамасыз ету болып табылады.

Онлайн брифинг барысында Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы атап өткендей: "Бұл қызметтің нәтижесі - барлық өңірлерде ашылатын сервистік әкімдіктер" болып отыр.

Бүгінгі таңда ел бойынша аудандық және қалалық әкімдіктердің 163-і немесе 76% - ы сервистік жұмыс форматына көшті.

Ауыл және кент әкімдіктерінің 98% - ында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған.

Барлық мемлекеттік органдардың қызметін олардың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру арқылы трансформациялау бойынша ауқымды шаралар қабылдануда.

"Ашықтықты қамтудың айқын көрінісі - 2 мыңнан астам мемлекеттік мекеменің open space/фронт-офистер форматына көшуі болды. 5 мыңға жуық мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары азаматтармен жедел қарым-қатынас жасау үшін бірінші қабаттарға көшірілді", - деді Ғ. Асанұлы.

Мұндай жұмыс форматы, ең алдымен, әртүрлі әкімшілік кедергілерді жойып, азаматтарға ыңғайлы жағдайда жедел қызмет көрсетуге арналған.

Мемлекеттік аппарат жұмысының ашықтығы мен айқындығы дәрежесінің өсуін - халықтың сенімін арттырудың маңызды факторларының бірі ретінде қарастыруға болады.

Қызмет көрсетудің сервистік моделін енгізу барысында қамтамасыз етілген ашықтық пен тұтынушыға бағдарлану - бұл кері байланыс, қоғам мен мемлекеттің тұрақты өзара байланысы мен өзара іс-қимылы тетіктері жұмысының негізі.

Біз білетіндей, сыбайлас жемқорлық ашықтық пен ашықтық пен есеп берушіліктен қорқады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны