21.02.2012, 14:54 3483

Зияткерлік мектептердің 100 ұстазы Назарбаев Университетінде біліктіліктерін арттыруда

"Назарбаев Университетінің базасында қазір жұмыс істеп тұрған Зияткерлік мектептердің ұстаздары үшін арнайы дайындық және жаңадан ашылатын Зияткерлік мектептердің мұғалімдері үшін алдын ала дайындық жұмыстары қолға алынуда", - делінген "Зияткрелік мектептері" дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - Зияткерлік мектептердің 100 ұстазы Назарбаев Университетінде біліктіліктерін арттыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазіргі таңда Зияткерлік мектептердің 100 ұстазы Назарбаев Университеті University College London бірлесе отырып әзірлеген бағдарламалар бойынша білім алуда, деп хабарлады Pm.kz сайтына "Назарбаев Зияткерлік мектептері" АҚ-ның баспасөз қызметі.

"Назарбаев Университетінің базасында қазір жұмыс істеп тұрған Зияткерлік мектептердің ұстаздары үшін арнайы дайындық және жаңадан ашылатын Зияткерлік мектептердің мұғалімдері үшін алдын ала дайындық жұмыстары қолға алынуда", - делінген "Зияткрелік мектептері" дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мысалы, 2011 жылдан бастап Назарбаев университетімен бірлесе отырып жаңадан ашылатын және қазір жұмыс істеп тұрған Зияткерлік мектептердегі ұстаздардың біліктілігін арттыру бойынша бір жылдық курс жобасы жүзеге асырылып келеді.

"2011-2012 оқу жылдары University College London-мен бірлесе отырып Наарбаев Университеті әзірлеген бағдарламалар бойынша 100 педагог дайындық курстарынан өтуде", - деп атап өтілді хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарламасында айтылғандай, Британдық кеңеспен бірлесе отырып үміткерлер үшін Астана, Алматы, Орал қалаларында ағылшын тілінен IELTS емтихан ұйымдастырылған болатын. Іріктеу бойынша 100 мұғалімнен тұратын топ құрылып, қазір оқудан өтуде.

2011 жылдың желтоқсанындағы жағдайға сәйкес, Зияткерлік мектептерде жұмыс істейтін барлық үстаздар 662 адамды (соның ішінде 35 шетелдік мұғалім) құраған болатын. Ұстаздар құрамында 3 мұғалім "Болашақ" бағдарламасының түлегі болып табылады, 5 мұғалім осы бағдарлама бойынша оқып жатыр, 78 педагогтың магистрлік деңгейі бар, 11 ұстаз - ғылым кандидаттары, 1 мұғалімнің PhD доктарантура деңгейі бар болса, 1 мұғалім профессор болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны