07.06.2021, 22:14 11742

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған қазақстандықтарға айыппұл салынады

Бұзушылық үшін айыппұл 30 АЕК немесе 87 510 теңгені құрайды.
НҰР-СҰЛТАН. 7 МАУСЫМ - Өзін-өзі оқшаулау режимін қасақана бұзған Қазақстан азаматтары әкімшілік жазаға тартылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл жаза санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бекіткен жаңа санитариялық ережелерде қарастырылған, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. Ереже 2021 жылғы 10 маусымда күшіне енеді.
 
Бұзушылар Ashyq ақпараттық платформасы арқылы анықталады. Егер адам "қызыл" мәртебеге ие болып, жобаға қатысатын қоғамдық нысандарға барса, жүйе оны қадағалайды. Бұзушылық үшін айыппұл 30 АЕК немесе 87 510 теңгені құрайды.
 

Яғни, карантиндегі науқас адамның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы ӘҚБтК-нің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға себеп болады және оған әкімшілік жазалау шаралары қолданылады", - деп хабарлайды ВАК.

 
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті барлық қазақстандықтарды карантиндік талаптарды сақтауға шақырады және әкімшілік айыппұлдар КВИ сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын бақылауға алуға мүмкіндік береді деп үміттенеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 989 жаңа жағдайы тіркелген. ҚР-да барлығы ПТР-тестінің оң нәтижесімен коронавирустың 395 064 жағдайы тіркелген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны