27.08.2007, 13:44 3839

2008-жылғы Олимпиадаға Қазақстаннан 100-ден астам спортшы қатысады

2008-жылы Пекинде өтетін Олимпиадаға Қазақстаннан 100- 110 спортшы қатысады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында туризм және спорт вице-министрі Қобыланды Мусин хабарлады. "Олимпиада ойындарына Қазақстан Республикасының атынан 22 спорт түрі бойынша лицензия жеңіп алған 100 - 110 спортшы қатысады деп күтілуде", - деді Қ. Мусин.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 тамыз. АСТАНА. 2008-жылы Пекинде өтетін Олимпиадаға Қазақстаннан 100- 110 спортшы қатысады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында туризм және спорт вице-министрі Қобыланды Мусин хабарлады.

"Олимпиада ойындарына Қазақстан Республикасының атынан 22 спорт түрі бойынша лицензия жеңіп алған 100 - 110 спортшы қатысады деп күтілуде", - деді Қ. Мусин.

Оның айтуынша, "Қазақстанның ұлттық құрамасына жүлделі орындар үшін қызу тартысқа қатысуға тура келмек". "Ұлттық құраманың алдына Олимпиадада 1996 және 2000-жылғы Олимпиада ойындарындағыдан кем емес нәтиже көрсету жөнінде міндет қойылған", -деді ол.

Тұтастай алғанда, Қ. Мусиннің айтуынша, 2008-жылғы Олимпиадаға 203 елден 16 мыңнан астам спортшы мен жаттықтырушы қатысып, 36 спорт түрі бойынша 302 жүлде жиынтығы үшін сайыс қызбақ.

Вице-министр министрлік тарапынан "спортта жоғары нәтиже көрсете алатын жаттықтырушылар мен спортшылармен келісім-шарттарына қол қойылғанын" атап өтті. Үкіметтің қаулысымен Олимпиада ойындарында табыс көрсеткен спортшыларды материалдық марапаттау мөлшері ұлғайтылды. Жекелеген спорт түрлері бойынша шетелдік жаттықтырушылар мен мамандар шақырылып, ұлттық құрама жаттықтырушыларының жалақысы өсірілді. Оның айтуынша, "жаттықтырушылар орта есеппен $500 - $1000 көлемінде жалақы алуда".

"Қазіргі жағдаймен еліміздің спортшылары алты спорт түрі бойынша 29 олимпиада лицензиясын жеңіп алды: атыс бойынша - 3, жеңіл атлетика бойынша - 13, ауыр атлетика бойынша - 8, жүзу спорты бойынша - 2, қазіргі заманғы бессайыс бойынша - 2, садақ атысы бойынша - 1 лицензия бар ", -деді Қ. Мусин. Оның айтуынша, осы жыл мен 2008-жылдың орта шеніне дейін қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарына қатысуға құқық беретін халықаралық рейтингтік сайыстарға қатысады. "Осыған байланысты біз бокс, грек-рим және еркін күрес, дзюдо, велоспорт, жеңіл атлетика, жүзу, атыс, ауыр атлетика, триатлон, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, және басқа да бірқатар спорт түрлері бойынша лицензиядан үміттеніп отырмыз", -деді вице-министр.

Өз кезегінде премьер-министр Кәрім Мәсімов еліміздің туризм және спорт министрінің Пекинде өтетін Олимпиада ойындарында қазақстандықтардың жеңістері төңірегіндегі болжамын еске сала кетті. "Сіздің министр мен сіздің министрлік келесі Олимпиада ойындарының нәтижесі бойынша жоғары жауапкершілік пен дербес міндеттемелер жүктеп алған. Ендігі жерде айтқан үдеден шыға білу керек. Бұл спортта бағындыратын биіктіктер бойынша сіздердің жұмыс көрсеткіштеріңіз болмақ", -деді Кәрім Мәсімов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны