27.09.2017, 23:54 8297

Ақмола облысыныӊ әкiмi "Оқжетпес" ФК басшылығымен кездесті

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшылығы мен "Оқжетпес" футбол клубыныӊ ұжымымен кездестi. Кездесуде өӊiрде футбол спортын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар сараланды.

Көкшетау. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшылығы мен "Оқжетпес" футбол клубыныӊ ұжымымен кездестi.

Кездесуде өӊiрде футбол спортын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар сараланды.

Сондай-ақ, ел чемпионатында турнир кестесiнiӊ соӊында тұрған "Оқжетпес" командасыныӊ мардымсыз ойыны сөз болды.

Кездесу барысында аймақ басшысы команда директоры Юрий Бондаренко мен жаттықтырушысы Виктор Пасулькоға қызметiн босату жөнiнде ұсыныс жасады. Икiмнiӊ сөзiнше, клуб басшылығы өздерiнiӊ кәсiби жұмыстарына салғырттық танытып қана қойған жоқ, команданыӊ жеӊiске деген жiгерi мен рухын жоғалтып алды. Аймақ басшысы өз орынбасарына клубтыӊ қаржы-шаруашылық қызметiне тексерiс жүргiзiп, бюджеттiк қаржыландыруды азайту жөнiнде ұсыныс енгiзудi тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны