28.11.2017, 20:15 6796

Ақтөбе облысыныӊ елу мектебі жаӊа спорттық құрал-жабдықтарға ие болды

Ақтөбе облысында "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобыныӊ "Меніӊ елім" әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында ұйымдастырған "Биіктерге бірге!" үздік спорт жобаларыныӊ байқауы қорытындыланды.

Ақтөбе. 28 қараша. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобыныӊ "Меніӊ елім" әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында ұйымдастырған "Биіктерге бірге!" үздік спорт жобаларыныӊ байқауы қорытындыланды.

Байқау жеӊімпазы атанған облыстыӊ елу мектебі бүгін салтанатты түрде спорт жабдықтары жиынтығыныӊ сертификатын алды.

Облыстағы әрбір мектептіӊ байқауға қатысу үшін тапсырысты шығармашылық бейнеролик түрінде жіберуге мүмкіндігі болды.

- Барлық ақтөбеліктердіӊ атынан "Самұрық-Қазына" басшылығына балалар арасында спортты дәріптеуге, олардыӊ денсаулығын нығайтуға арналған акцияны ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін. Жалпы, бұқаралық спортты дамытуға респуликаныӊ барлық жерінде назар аударылуда. Президент тапсырмасына сәйкес, барлық мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдары балалардыӊ спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасаулары қажет. Осындай қолдаулардыӊ арқасында біздіӊ жас спортшыларымыз жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді,-деді марапаттау рәсімін ашқан Бердібек Сапарбаев.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорыныӊ әлеуметтік жобалар қызметініӊ басшысы Нұрлан Оразалиев өз кезегінде облыс басшылығына әлеуметтік жобаныӊ өӊірде жүзеге асырылуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

- Бүгін біз елу мектепті еуропалық сападағы спорт жабдықтарымен жарақтадық. Сондай-ақ, төрт коррекциялық мектеп ерекше балалардыӊ барынша әлеуметтенуіне ықпал ететін арнайы коррекциялық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұдан басқа, ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын мерекелеу аясында сіздіӊ өӊірде 25 спорт және ойын алаӊдарын орнатуға байланысты жобалар басталып, Ақтөбе мен Қандыағаш қалаларында олардыӊ жетеуі пайдалануға берілді. Ақтөбе облысы - біз үшін маӊызды стратегиялық өӊір. Өйткені, мұнда біздіӊ 15-ке жуық еншілес компанияларымыз жұмыс жасайды,-деп атап өтті Нұрлан Оразалиев.

Ақтөбе облысында жобаны жүзеге асыру үшін ағымдағы жылы 600 млн-ға жуық теӊге аударылды.

Сондай-ақ, ол "Меніӊ елім" бағдарламасын жүзеге асыру 2018 жылы да жалғасатынын жеткізді. Спортта ғана емес, мәдениет саласында да дарындарды дамыту үшін жаӊа спорт алаӊдарын салумен қатар, 12 музыкалық мектепті музыка аспаптарымен қамтамасыз ету жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны