05.05.2016, 09:02 8892

Алматы Универсиадасы FISU тарихындағы үздіктердіӊ бірі болады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек студенттік спорттыӊ Халықаралық федерациясы Бақылаушы кеӊесініӊ (FISU) басшыларымен кездесті. Атап өтерлік жайт, бұл FISU-діӊ Бақылаушы кеӊесі басшыларыныныӊ Алматыға жасаған алғашқы инспекциялық сапары

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек студенттік спорттыӊ Халықаралық федерациясы Бақылаушы кеӊесініӊ (FISU) басшыларымен кездесті. Атап өтерлік жайт, бұл FISU-діӊ Бақылаушы кеӊесі басшыларыныныӊ Алматыға жасаған алғашқы инспекциялық сапары, деп хабарлады қала әкімдігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында тараптар Алматыда 2017 жылы өтетін 28-ші Қысқы Универсиадаға дайындықтыӊ аралық кезеӊінде атқарылған жұмыстарды қорытындылады және ортақ істіӊ жоспарын талқылады, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Универсиада нысандарыныӊ құрылысы 80%-ға аяқталды. Қазірдіӊ өзінде спорт кешендері мен инфрақұрылымдарды болашақта пайдалану мәселелері шешілуде, бұл іске бизнес белсенді түрде тартылуда. Универсиада объектілеріндегі құрылыс жұмыстары одан әрі жалғасады және FISU-діӊ ұснысытары аясында жүзеге асады", - деп атап өтті әкім.

Өз кезектерінде Бақылаушы кеӊес мүшелері Алматыда өтетін қысқы Универсиаданыӊ оған қатысушы елдердіӊ саны жағынан қазірдіӊ өзінде рекордтық көрсеткішке жеткенін айтты. Мысалы, жарысқа қатысу үшін 64 ел тіркелген.

Кездесуде Бақылаушы кеӊес төрағасы, FISU-діӊ вице- президенті Мариан Дымальский жарысқа дайындық жоспарлы режимде жүріп жатқанын жеткізді: "Біз кеше Универсиада дирекциясымен кездестік. Барша команда бір ғана мақсат жолында - Универсиаданы жоғары деӊгейде өткіз үшін жұмыс істеуде"-, деді ол.

FISU-діӊ қысқы Универсиадалар директоры, Бақылаушы кеӊес мүшесі Милан Августин студенттік ойындардыӊ Алматы мен Қазақстанныӊ халықаралық имиджін нығайта түсетінін қадап тұрып айтты: " Біз қазірдіӊ өзінде өтініш берген 60-тан асқан елдіӊ 2017 жылы өтетін Универсиадаға өте риза болатындықтарына сенімдіміз. Қазақстан -әлемге дамыған экономикасымен ғана емес, спорттағы ірі жетістіктерімен де танымал өте үлкен ел. Мұнда Олимпиада жеӊімпаздары көп, Универсиада барысында да сіздер өз елдеріӊіздіӊ тек жақсы жақтарын ғана көрсететіндеріӊізге және осы Универсиаданыӊ FISU тарихындағы үздіктердіӊ бірі болатындығына сенімдімін"-, деп атап өтті.

FISU-діӊ басшылары Универсиада нысандарындағы құрылыс қарқынына қанағаттанғандықтарын жеткізді.

"Біз Атлеттер ауылына, 12 мыӊ орынды Мұз сарайына инспекторлық бақылау жасадық. Құрылыс барысына ризашылық білдірдік. Қысқы универсиадаларды өткізу жөнінен жинақтаған мол тәжірибеміз бар. Сол тұрғыдан қарасақ, Алматыда өтетін Универсиада жоғары деӊгейде ұйымдастырылған әдемі спорттық шаралардыӊ біріне айналады деп ойлаймыз", - деді FISU-діӊ Бақылаушы кеӊесі төрағасыныӊ орынбасары Кайрис Ульп ханым.

Кездесу барысында FISU-діӊ Бақылаушы кеӊесініӊ басшылығына қысқы Универсиадағы дайындықтыӊ түрлі бағыттар бойынша аралық кезеӊде атқарылған жұмыстарыныӊ қорытындылары көрсетілді, олар: аккредитациялау, спорттық сервис, брендинг, волонтерлерді даярлау, тасымалдау, ақпараттық және медициналық қамтамасыз ету, орналастыру, тамақтандыру, жарыстыӊ ашылу және жабылу рәсімдері және басқалар.

Естеріӊізге сала кетейік , 2017 жылы 29 қаӊтар мен 8 ақпан аралығында Алматыда XXVIII Қысқы Бүкіләлемдік Универсиада өтеді. Оған қатысушылар қаланыӊ 8 спорт нысанында спорттыӊ 12 түрінен сайысқа түседі. Жалпы, халықаралық деӊгейдегі алқалы жарысқа әлемніӊ 64 елінен 2000-нан астам адам қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны