07.08.2018, 17:08 7778

Алматыда алғаш рет "ASTC Asian Cup 2018" триатлон бойынша Азия кубогы болып өтті

4 тамызда Sprint дистанциясында (жүзу 750м, велокезеӊ 20км, жүгіру 5км) Азия Кубогы үшін әлемніӊ 14 елінен келген триатлеттер күреске түсті: Аустралия, Изірбайжан, Бельгия, Венгрия, Гонконг, Қазақстан, Қырғызстан, Люксембург, Ресей, Сирия, Тайпей, Украина, Оӊтүстік Корея, Жапония.

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда алғаш рет "ASTC Asian Cup 2018" триатлон бойынша Азия кубогы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мұндай масштабтағы жарыстар оӊтүстік астанада алғашқы рет өткізілді. Ұйымдастырушылар Қазақстандық және Алматылық Триатлон федерациясы, Алматы қаласыныӊ әкімдігі, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ АҚ, Академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры, Алматы марафоны және басқа да ұйымдар мен бірлестіктер болды. Жарыстар аумағы жаӊартылған және қайта құрылған Сайран көлінде болып өтті.

4 тамызда Sprint дистанциясында (жүзу 750м, велокезеӊ 20км, жүгіру 5км) Азия Кубогы үшін әлемніӊ 14 елінен келген триатлеттер күреске түсті: Аустралия, Изірбайжан, Бельгия, Венгрия, Гонконг, Қазақстан, Қырғызстан, Люксембург, Ресей, Сирия, Тайпей, Украина, Оӊтүстік Корея, Жапония.

Бірінші болып әйелдер бастады (барлығы 16 спортшы, олардыӊ ішінде 6 қазақстандық спортшы). Жүзу аяқталған сәттен бастап көшбасшылар анықталды - Жапониядан келген триатлеттер Нина Кишимото, Хираку Фукуока және оӊтүстік кореялық спортшы Джи Ен Ким.

Дәл осы қыздар жүлделі орындарды өзара бөлісті: Нина Кишимотобрінші болып шықты(01:00:38).Хираку Фукуокаөзініӊ отандасынан тек үш секундқа ғана қалып қойғаны қызық болды! Жапондық қыздардан бір минуттан кем уақытқа оӊтүстік кореялық атлет Джи Ен Ким қалып қойды-ол қола медалініӊ жүлдегері атанды. Қазақстандық Арина Шульгина Азия триатлоныныӊ еӊ атақты мектептері қатысушыларынан күші кем түсіп, жалпы есепте төртінші болып шықты. Қазақстандық Надежда Бекмаганбетова және Ашраф Камалова тиісінше, 9-шы және 10-шы орын алды.

Осыдан кейін ерлер спринтерлік жарысқа түсті (35 атлет). Және де мұнда велокезеӊ кезінде озық топ анықталды, оныӊ ішінде триатлон бойынша біздіӊ ұлттық командамыздыӊ мүшелері Мейірлан Ысқақов және Темірлан Теміровде болды. Алайда мәрелік жүгіру кезені шетелдік триатлондарды алға шығарды. "Алтынға" Гонконг өкілі Оскар Коггинс ие болды (00:54:43). Коггинстен тек 7 секундқа ұтылып, украиналық Иван Иванов екінші болып жеӊіс тұғырынакөтерілді. 55 минут ішінде мәреге жетіп, Гонконгтыӊ тағы бір өкілі Джейсон Тай Лонг жүлдегерлердіӊ үштігіне кірді. Мейірлан Ысқақов және Темірлан Теміров қорытынды хаттаманыӊ бірінші ондығына кіріп, тиісінше, 9-шы және 10-шы орынға ие болды.


5 тамызда, Сайран көлінде сол жерде, Азия Кубогы шеӊберінде әуесқойлар арасында стандарттық дистанцияда Триатлон бойынша Қазақстан чемпионаты болып өтті (жүзу 1500м, велокезеӊ 40км, жүгіру 10км). Жеті елден келген 190 спортшы стартқа шықты: Ұлыбритания, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Оӊтүстік Корея, Украина, Ресей. Абсолюттік есепте ерлер арасында 02:11:54 нәтижесін көрсеткен Аслан Абдрахманов үздік болды. Қыздар арасында Қырғызстаннан келген Юлия Фернастан ешкім озбады. Ол жарысты 02:28:49 уақытымен аяқтады. Командалық жарыста Алматыдан келген "AlmatyBroTeam" спорттық трио 02:07:15 көрсеткішімен үздік атанды. Жарыстардыӊ қорытындылары бойынша қатысушыларға естелік медальдар мен кәдесыйлар табысталды.

Халықаралық спорт сайысы екі күнге созылады. Бірінші күні жүгіруден, жүзуден, велоспортынан кәсібилер жарысқа түседі, ал екінші күні әр түрлі жастағы тіркелген 150-ден астам әуесқойлар бәсекеге қатысады.

"Біз қазіргі кезде қала тұрғындарыныӊ белсенді және салауатты демалуы - велосипед тебуі, жүгіруі, жаяу жүруі үшін үлкен мүмкіндіктерді жасаудамыз. Қалада 68 километр веложолдар абаттандырылды, таяу жылдары біз оларды 100 километрге дейін жеткіземіз, аулаларда спорт алаӊдарын жасау жалғасуда, жаяу жүргіншіге басымдық беретін көшелер жасалуда. Осыныӊ барлығы қала тұрындары мен қонақтарына жайлы болу үшін атқарылуда. Қазіргі кезде студенттер арасында футзалдан өтетін әлем Чемпионатына дайындалудамыз, халықаралық алқалы сайыс біздіӊ қаламызда тамыз айыныӊ соӊында өтеді, оған әлемніӊ 24 елініӊ спортшылары қатысады", - деп атап өтті өзініӊ құттықтау сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Жарысқа дайындық барысында Сайран өзенініӊ жағалауын абаттандыруға қатысты ауқымды жұмыстар жүргізілді. "Таза қалада өмір сүр!" акциясы барысында су арналары тазартылды, 6 тоннадан астам қоқыс шығарылды, балалар және спорт алаӊдары салынды, соныӊ ішінде футбол алаӊы мен ұзындығы 5 км болатын жүгіру жолы іске қосылды.


Айта кетерлігі, жыл басынан бері Алматыда 250 мыӊнан астам адамды қамтыған 2,5 мыӊнан астам спорттық және денешынықтыру-сауықтыру шаралары өтті, соныӊ ішінде 2,5 мыӊнан астамы мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

Қалада ұлттық спорт түрлерін дамытуға үлкен назар аударылады. Қаланыӊ барлық аудандарында қазақ күресі бойынша секциялар ашылған, қазақтыӊ ұлттық "белдесу" күресі қайта жаӊғырды, Алматы ипподромыныӊ жұмысы қолға алынды.

"Спорт меніӊ ауламда" жобасы бойынша спортпен тұрақты айналысатын 18 мыӊға жуық балаларды қамтитын ауладағы спорт алаӊдарыныӊ саны артты. Тұрмысы төмен отбасылардыӊ балаларын спортқа кеӊінен тартатын және жеке спорт ұйымдарын тікелей компенсациялайтын "Батыл бол" жобасы жүзеге асты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны