15.05.2018, 12:12 6878

Алматыда "AlmatyArenaCup" хоккейі бойынша балалар турнирініӊ жеӊімпаздары марапатталды

Астанадан келген команда жеӊімпаз атанды. Екінші орын Өскеменніӊ "Торпедо" командасына бұйырды. Құрметті үшінші орынды "Алматы" командасыныӊ ойыншылары жеӊіп алды.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan Today - "AlmatyArena" мұз кешенінде "AlmatyArenaCup" хоккейі бойынша балалар турнирі өтті, оған Астанадан, Алматыдан, Өскеменнен, Шымкенттен, Бішкектен және басқа қалаларднан командалар қатысты.

Астанадан келген команда жеӊімпаз атанды. Екінші орын Өскеменніӊ "Торпедо" командасына бұйырды. Құрметті үшінші орынды "Алматы" командасыныӊ ойыншылары жеӊіп алды.

Қала спорт басқармасы басшысыныӊ орынбасары Рүстем Байсейітов қазіргі кезде қалада шайбалы хоккейден балалар мен жасөспірімдердіӊ бірнеше клубы бар екенін айтты. Кезінде балалардыӊ "Алматы" хоккей клубы екі рет халықаралық жарыстардыӊ жеӊімпазы болды.

"Универсиаданыӊ арқасында бізде "Almaty Arena" және "Halyk Arena" сынды тамаша спорт кешендері пайда болды, бұларда қазіргі кезде 10 хоккей клубы жаттығуда. Біз алматылық балаларды өзімізге шақырамыз.Триатлон, мәнерлеп сырғанау, керлинг, шорт-трек, шахмат, карате, қазақ күресі, жүзу секциялары ашылды. Бұлардан өзге, ағылшын тілі клубы, домбыра, классикалық бокс, би, көркем гимнастика және басқа үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылар мен студенттер үшін 50%-дық жеӊілдік бар", - деді Рүстем Байсейітов.

Бүгінгі күні мегаполисте "Спорттық Алматы" және "Спорт меніӊ ауламда" бағдарламалары кеӊ қанат жаюда, 500-ден астам спорт алаӊы абаттандырылды. "Туған жер" бағдарламасы аясында Алатау ауданында жеӊіл атлетикалық стадион іске қосылды, жеӊіл атлетикалық манеж салынуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны