28.04.2018, 01:03 6271

Алматыда балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасындағы "Арманыӊа жақында" атты футбол чемпионаты басталды

Бір айдыӊ көлемінде Қазақстанныӊ 13 облысынан жиналған балалар үйініӊ 21 командасы еліміздіӊ еӊ мықты командасы деген статусы мен 2018 жылдыӊ чемпионы атағына таласады. Жеӊімпаздар Франция астанасындағы "Пари де Пренс" стадионында болу және де "Пари Сен-Жермен" клубыныӊ Неймар, Тияго Силва және т.б сынды ойыншыларымен кездесу мүмкіндігін алады.

Алматы. 28 сәуір. KazakhstanToday - Алматыда 27 сәуірде "Бауыржан" қорыныӊ ұйымдастыруымен "Цеснабанк" АҚ, "Нұр Отан" партиясы, Қазақстанныӊ футбол федерациясыныӊ қолдауымен балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасындағы "Арманыӊа жақында" атты футбол чемпионаты басталды. Турнирдыӊ басты сыйлығы - "Пари Сен-Жермен" футбол клубына қонаққа бару.

Бір айдыӊ көлемінде Қазақстанныӊ 13 облысынан жиналған балалар үйініӊ 21 командасы еліміздіӊ еӊ мықты командасы деген статусы мен 2018 жылдыӊ чемпионы атағына таласады. Жеӊімпаздар Франция астанасындағы "Пари де Пренс" стадионында болу және де "Пари Сен-Жермен" клубыныӊ Неймар, Тияго Силва және т.б сынды ойыншыларымен кездесу мүмкіндігін алады.

"Бауыржан" қорыныӊ спорттық жобалар жетекшісі Айнұр Сәлімбаеваныӊ айтуынша, әлемніӊ мықты деген футбол клубтарын көру мүмкіндігі тек қана еліміздіӊ ірі қалаларында ғана емес, сонымен қатар басқа аймақтарында да балалар мен жасөспірімдер арасындағы футболдыӊ дамуына ықпал етеді.

- Илемніӊ мықты деген футбол клубына жолдама алу - Қазақстан балалар үйініӊ тәрбиеленушілеріне осымен 6-шы жыл беріліп отырған мүмкіндік. Алты жыл ішінде "Арманыӊа жақында" жобасы 11 мен 14 жас аралығындағы 2000 жуық жасөспірімді футболға баулып, оныӊ 56-сында бала арманы орындалып, кумирларымен кездесіп, әлемніӊ "Милан", "Барселона", "Челси", "Бавария", "Атлетико Мадрид" сынды мықты клубтарымен кездесті. Бүгін біз осымен төртінші жыл балалардыӊ жігерін құлатпай, армандарыныӊ орындалуына көмегін аямай келе жатқан Цесна банкпен бірлесе отырып, биылғы Чемпионаттыӊ басталуын хабарлаймыз,- дейді Сәлімбаева Айнұр.

Өз кезегінде "Цеснабанк" АҚ Алматы филиалыныӊ директорыныӊ орынбасары Ширыкалов Игорь Евгеньевич Қазақстандағы жаӊа спортсүйер буынды тәрбиелеп отқан осындай бастамалардыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Қазақстан футболыныӊ ардагері, "Қайрат" ФК футболды жаппай дамыту басшысы Құралбек Ордабаев футболистер арасындағы жаӊа буынға үміт артатынын және де жасөспірімдер арасындағы футболға деген үлкен қызығушылықтыӊ барын айтты.

Ұйымдастырушылар сонымен қатар, балалар үйініӊ тәрбиеленушілері арасында спортты дәріптеудіӊ маӊыздылығын ескере отырып, жобаныӊ 5 жылдық нәтижесі - "Арманыӊа жақында" турнирыныӊ 60-қа жуық қатысушысы Қазақстанныӊ кәсіби футбол клубтарында жаттығып, ойнайтынын атап өтті.

- Мәселен, былтырғы Павлодар облысындағы іріктеу ойындарында біздіӊ турнирге қатысқан Влад Козаренконы Қазақстан футболыныӊ майталманы, ҚР еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы Виктор Ярышев байқауға шақырды. Бүгінде Влад Павлодар қаласыныӊ футбол академиясында жаттығады. Алдыӊғы жылдардыӊ қатысушылары "Таӊшолпан" балалар үйініӊ 4 тәрбиеленушісі "Шахтер" клубыныӊ академиясында ойнайды, - деді Айнұр Сәлімбаева

"Арманыӊа жақында" футбол чемпионатыныӊ алғашқы іріктеу матчы Алматы қаласы мен Алматы облысы балалар үйініӊ тәрбиелеушілері арасында өтеді. Турнирды қорытындылау кезеӊінде балалар үйініӊ тәрбиеленушілерінен тұратын үш команда өнер көрсетті. Нәтижесінде Алматы облыстық №1 балалар үйініӊ тәрбиеленушілерінен құралған "Барыс" командасы қарсыластарынан мықтырақ болып, финалға жолдаманы жеӊіп алды. Олар өз кезегінде Қазақстан бойынша мықты деген тоғыз командамен күш сынасатын болады.

Чемпионаттыӊ 5 жылдық тарихында Қазақстанныӊ балалар үйініӊ 56 тәрбиеленушісі әлемніӊ атақты деген футбол клубтарында қонақта болып, Месси, Робена, Хави, Роналдо және басқа да әлемдік футболдыӊ ойыншыларымен бетпе-бет кездесті. 2013 жылдыӊ жеімпаз командасы - Есіл қаласыныӊ №2 балалар үйініӊ тәрбиеленушілері "Барселона" футбол командасымен кездесіп, "Камп Ноу" стадионында болды. 2014 жылы Миланға барып, "Миланелло" базасында болған жеӊімпаздар - Алматы облысыныӊ №1 балалар үйініӊ тәрбиеленушілері "Барыс" командасы. 2015 жылы Қарағанды қаласыныӊ "Таӊшолпан" балалар үйініӊ тәрбиеленушілері Мюнхенге жол тартып, ALLIANZ ARENА-да өткен "Бавария" мен "Реал Мадрид"арасындағы ойынды тамашалады. 2016 жылдыӊ жеӊімпаздары Қостанай облысындағы балалар үйініӊ тәрбиеленушілері "Атлетико Мадрид" жаттығу базасын көріп, Антуан Гризман, Фернано Торрес, Кака сынды футболистермен көрісті. Былтырғы жыл жеӊімпаздары "Таӊшолпан" командасы "Чесли" клубында болып, Педро, Давид Луиз, Марко Алонсо және т.б. футболистермен танысты.

Ұйымдастырушылардыӊ алға қойған басты мақсаты - болашақта Қазақстан футболыныӊ дамуына салмақты үлесін қосу мүмкіндігі бар жетім балалар арасындағы футбол ойынына деген ынтаны арттыру және дамыту.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны