14.08.2018, 23:33 8171

Алматыда футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатына дайындық барысы туралы айтылды

Бүгін өткен баспасөз мәслихатында Алматыда тамыздыӊ 19-ы мен 26-сі күндері Almaty Arena және Halyk Arena спорт кешендерінде өтетін студенттер арасындағы футзалдан әлем чемпионатына дайындық барысы туралы айтылды, деп хабарлайды KazakhstanToday.

Алматы. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін өткен баспасөз мәслихатында Алматыда тамыздыӊ 19-ы мен 26-сі күндері Almaty Arena және Halyk Arena спорт кешендерінде өтетін студенттер арасындағы футзалдан әлем чемпионатына дайындық барысы туралы айтылды, деп хабарлайды KazakhstanToday.

Мұндай ауқымды теӊбіл доп додасы ТМД аумағында алғаш рет ұйымдастарылады. Жарысқа дүниежүзініӊ еӊ мықты Канада, Германия, Франция, Аргентина, Жаӊа Зеландия, Болгария, Португалия, Польша, Хорватия, Словакия, Чехия, Ресей, Қытай, Израиль, Таиланд, Украина сияқты елдердіӊ құрамалары қатысады.

"Бұл - 16-шы әлем чемпионаты. Жарыста 16 ерлер және 2 әйелдер құрамасы өнер көрсетеді. Алматыда дүниежүзініӊ еӊ мықты футзал командалары әлем чемпионы атағын сарапқа салатындығымен ерекше. Тағы бір баса айта кетерлігі, биыл 25 жас деген жас шектеуі енгізілді. Бұл дегеніміз, студенттер құрамаларына кәсіпқой спортшыларды жинап, студенттер ретінде жолдау көрінісі азаяды деген сөз. Бұған айқын мысал - біздіӊ құрама. Биыл ол 80% құрам жаӊартты. Бұлар расында да студенттер. 16 ЖОО арасында іріктеу жүргізілді. Бүгінгі күнгі жағдаймен ерлер құрамасында 5 ЖОО студенті қалды. Ал қыздар құрамаларында 4 ЖОО құрамасы бар. Демек, іріктеу өте қатал болды. Дайындық кезеӊінде оқу-жаттығу жиындары сапалы жүргізілді. Бұрындары мұндай сапалы дайындық болмайтын. Біз құраманы шамамен 3 ай бұрын дайындауға кірістік. Тауларға шақтық, Ыстықкөлге сапар ұйымдастырдық, Қырғызстан құрамасымен және еліміздегі үздік құрамалармен, оныӊ ішінде Жетісу құрамасымен ойындар өткіздік. Байқап отырғанымыз - биыл дайындық жоғары деӊгейде болды. Біздіӊ құрама ойнайтын топ біршама күрделі. Біздіӊ топта Чехия құрамасыныӊ қазіргі қола медаль жүлдегерлері бар. Олармен жарысқа түсу оӊайға соқпасын біз жақсы түсініп отырмыз. Алдын-ала мәліметке сәйкес, 17 елден 7 құрама чемпион деген атақ үшін бақ сынамақшы. Сондықтан сайыс қызу болмақ. Ойын кәсіпқой болатыны да сөзсіз. Ирине, төрешілерге де сұрақ көп болмақ. Сол себепті біз еӊ кәсіби білікті спорттық төрешілердіӊ келуіне аса мән бердік. 16 елден 24 адам келеді. Футзал сияқты динамикалық және әсерлі спорт түрінен әлем чемпионаты өтуі - біздіӊ қаламыздыӊ тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен мереке болмақ", - деді Ұлттық студенттер лигасыныӊ президенті Дамир Шыныбеков.

Ол сондай-ақ, қазіргі экономикалық ахуалда тиісті түрде дайындалу оӊай болмағанын атап көрсетті. Еӊ алдымен біліктілікті көтеруге тура келген.

"NSL құрамасы семинарға барды. Оқумен қатар бізге Қайрат клубы көп көмек көрсетті. Ұйымдастыруға қатысты бізге матрицаны ұсынып, осыған қатысты шеберлік сабағын өткізді. Бізім және ғылым министрлігі де қолдады. Сонымен бірге қалалық әкімдікке де алғысымыз шексіз, өйткені, қаладағы қызметтердіӊ барлығы дерлік бұл біріншілікті ұйымдастыруға жұмылдырылды. Қала бойынша қауіпсіздік, көліктік логистика және денсаулық сақтау шаралары сақадай сай дайын. Өздеріӊіз түсініп отырғандай, біруақытта 500 спортшы қаламызға келгелі отыр және біз бәрін де жоғарғы деӊгейде ұйымдастыруға міндеттіміз", - деп толықтырды өз сөзін студенттер лигасыныӊ президенті.

Оныӊ айтуынша, чемпионат қызығушылық тұрғысынан №1 ойынға қатысты әуесқойлыққа жаӊаша серпін бермек.

"Біздіӊ басты мақсатымыз - футболшы жастардыӊ, салауатты өмір салтын насихаттаушы жастардыӊ ауқымды толқынын әзірлеп шығару. Сол себепті миллиондардыӊ сүйкті ойыны болып табылатын футзал бұл бағытта көш бастауға тиіс. Біз Алматыдағы бар лигалардыӊ барлығы белсенділігін арттырып, жаӊа кәсіпқойлық деӊгейіне көтеріледі деп сенеміз".

Өз кезегінде Денешынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшысы Рүстем Байсейітов қала чемпионатқа сақадай- сай дайын деп мәлімдеді.

"Жалпы біздіӊ қаланыӊ осындай халықаралық дәрежедегі спорттық шараларды ұйымдастыру жағынан тәжірибесі мол дегім келеді. Оныӊ айқын дәлелі, 2017 жылы өткен қысқы Универсиада ойындары. Жоғары деӊгейде өткен әлемдік жарысқа арнайы бой көтерген спорт нысандарда егер былтыр 57 іс-шара өткен болса, биыл 47 іс-шараны өткізіп үлгердік. Яғни, әлемдік жарысқа орай арнайы бой көтерген спорттық нысандар толық пайдаланылуда. Бір сөзбен айтатын болсам, біз әлем чемпионатын қабылдауға толықтай дайынбыз. Барлық құрамалық клубтар да дайын. Транспорт және логистикалық бағыттар да жоғары әзірлікте. Чемпионат қонақтарына арнап барлық жағдайды жасадық. Үлкен спорт мерекесі болатынына сеніміміз кәміл", - деді Денешынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшысы Рүстем Байсейітов.

Сонымен қатар, оныӊ айтуынша, теӊбіл доп додасы кезінде қалада көптеген шаралар өтеді.

"Чемпионатқа келген құрамалардыӊ барлығы тамыздыӊ 26-сынан кейін кері қайтады. Барлығы да қаламызда біріншілік аяқталғаша болмақ. Өз кезегінде біз ауқымды бағдарлама әзірледік, олар көптеген туристік орындарға барады, сонымен бірге құрамалар аула командалары арасында шеберлік сабақтарын өткізеді".

"Бұл елеулі оқиға болмақ. Еӊ алдымен мемлекеттік бағдарлама бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі балалар, жастар мен жасөспірімдер спортын дамытуға баса назар аударып келеді. Қазір білім беру мекемелері спорт түрлерін белсенді түрде дамытуда. Спорт қазір үкіметтіӊ де назарында. Жастар мен әсіресе балалар спортқа үлкен қызығушылық танытуда", - деді ҚР БҒМ кеӊесшісі Майраш Тайкенова.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында Қазақстанда спортқа қандай қолдау көрсетілетіндігі жайлы айтылды.

"Типтік оқу жоспарында дене шынықтыру сабағы аптасына 3 рет белгіленген. Қазір министр сабақтыӊ 1/3 бөлігі сайыс түрінде өткенін жөн көріп отыр. Яғни, оқушылар мемлекеттік стандартқа сәйкес, физикалық даму жаттығуларын ғана жасамайды, жарыс түріне өтеді. Мектеп әкімшілігі қандай спорт түрін дамытамын десе де өз еріктері. Егер ол мектепке футбол қызықты болса соны, хоккей десе хоккейді қалдырады. Қазіргі білім беру жүйесінде білім мекемелеріне спорттыӊ кез-келген бағытын таӊдауына жағдай жасалған. Бұдан бөлек, колледж студенттері де спортқа ден қойып келеді. Жарыстар мен футбол лигасы бар. Шахмат ойыны дамып жатыр. Астанада кез келген мектепте шахмат секциясы бар. Футболдан Ұлттық студенттер лигасы спортсүйер жастардыӊ шоғырын жинауда", - деді Майраш Тәйкенова.

Бүгін сондай-ақ, футзалдан Қазақстан студенттер құрамасы әлем чемпионатына арналған жаӊа формасын таныстырды.

Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлауынша, құраманыӊ негізгі формасы ашық сары, ал екіншісі ақ түсті болып келеді. Форманы бүгін арнайы өткен баспасөз мәслихатында ерлер және әйелдер командасыныӊ капитандары Рамина Мамедова мен Біржан Оразов таныстырды.

"Ирине барлық командалар чемпион болуға лайық, біздіӊ топта Чехияны ерекше атап өтсе болады. Біз жеӊу үшін бар күшімізді саламыз", - деп өз ойымен Біржан Оразов бөлісті.

Айта кетер жайт, ерлер ұлттық құрамасы "В" тобында Беларусь, Чехия, Жаӊа Зеландиямен, ал, қыздар командасы Португалия, Франция, Жаӊа Зеландиямен ойнайды.

Ойындар Almaty Arena мен Halyk Arena мұз кешендерінде сағат 10:00-ден басталады.

Салтанатты ашылуы тамыздыӊ 19-ы күні Almaty Arena-да сағат 12:00-де өтеді.

Бұл чемпионат 1984 жылдан бері Халықаралық студенттер спорты федерациясыныӊ (FISU) қамқорлығымен екі жылда бір рет өткізіледі. 2016 жылдын чемпионы болып ерлер мен әйелдер құрамалары арасында Бразилия атанған болатын.

Жарыстыӊ толық кестесімен wucfutsal2018.com ресми сайтынан таныса аласыздар.

Илем чемпионатыныӊ ұйымдастырушылары - FISU, Қазақстан студенттік спорт федерациясы, футзал Ұлттық студенттік лига. Сонымен қатар, ұйымдастыру комитетіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласыныӊ әкімдігі кірді.

Айта кетер жайт, қазір Алматыда жұмыс бабымен Халықаралық студенттер спорты федерациясыныӊ (FISU) өкілдері келіп, спорттық нысандарды аралап, қонақ үйлердіӊ сапасын көрді.

"Алматыда өтетін футзалдан әлем чемпионатына дайындық қызу жүріп жатқанын көрдік. Бізде биыл спорттыӊ әр түрінен 35 әлем чемпионаты өтеді. Соныӊ ішінде футзал еӊ маӊыздысы болып табылады, себебі қатысушылар саны көп. Осы біріншілік футзал тарихындағы еӊ есте қаларлығы болатынына сенімдіміз", - деді FISU әлем чемпионаты департаментініӊ директоры Пауло Феррейро.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны