21.09.2018, 15:05 8296

Алматыда Қысқы Универсиада-2019 алау эстафетасыныӊ кезеӊі өтеді

Алматыдан соӊ алау эстафетасын Қытай Халық Республикасы қабылдайды. Ол кезеӊ 26-ші қыркүйек күні 2009 жылы өткен XXVI-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданыӊ астанасы Харбинде болады.

Алматы. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қыркүйектіӊ 20-ы күні Италияныӊ Турин қаласында 2019 жылы өтетін қысқы Универсиаданыӊ алауы жағылады. Оныӊ ұйымдастырушысы Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) болып табылады. Ал, қыркүйек айыныӊ 24-і күні, қысқы Универсиада алауын XXVIII-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада астанасы болған Алматы қаласы қабылдап алады, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Алау Эстафетасы Абай көшесі бойымен жүріп Балуан Шолақ атындағы спорт сарайынан басталып Республика сарайына дейін жалғасады. Алауды танымал спортшылар, ЖОО ректорлары алып жүретін болады. Олардыӊ FISU президенті Олег Матыцин, Қазақстан студенттер арасындағы ұлттық спорт қауымдастығыныӊ президенті Қайрат Закирьянов, боксшы Қанат Ислам, футзалшы Дінмухамбет Сүлейменов, альпинист Мақсұт Жұмаев және т.б.

Алматыдан соӊ алау эстафетасын Қытай Халық Республикасы қабылдайды. Ол кезеӊ 26-ші қыркүйек күні 2009 жылы өткен XXVI-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданыӊ астанасы Харбинде болады.

Қыркүйектіӊ 29-ы күні алау эстафетасыныӊ Ресейдегі кезеӊі басталып, сол елдіӊ 30 ірі қалалалары эстафетаны қабылдайды. Спорттық шара 2019 жылы наурыздыӊ 1-і дейін жалғасып, студенттер ойындарыныӊ астанасы Красноярскте аяқталады.

Бұл Универсиадаға әлемніӊ 50 елінен спортшылар қатысады деп күтілуде. Студенттер 11 спорт түрінен 76 медаль жиынтығын сарапқа салады. Олар биатлон, шорт-трек, керлинг, таушаӊғы спорты, шаӊғы жарысы, сноуборд, шаӊғымен спорттық бағдарлау, мәнерлеп сырғанау, хоккей, допты хоккей, және фристайл спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтайды.

Универсиада - бұл жастар Олимпиадасыныӊ ұқсастығы. Бүкіләлемдік студенттік спорттық ойындар немесе Универсиада 50 жылдан астам уақыт өткізіліп, халықаралық кешенді спорттық жарыстарыныӊ арасында екінші дәрежеде тұрған шара болып саналады. Ол ойындар FISU қолдауымен өткізіліп тұрады. Еӊ алғашқы ойындар 1959 жылы жазда Туринде (Италия) өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны