09.12.2018, 23:08 44744

Алматыда көпфункциялы "Жарыс Арена" спорт кешені ашылды

Айта кетерлігі, жаӊа спорт кешені мектеп жанындағы бос жатқан жерге қысқа уақыт ішінде тұрғызылды. Мұнда жасанды антиаллерген төселген бірнеше жабық футбол алаӊдары, волейбол және баскетбол ойнайтын бөліктер, ұзындығы 250 метр болатын жүгіру жолы, әйелдер мен ерлердіӊ шешінетін және жуынатын бөлмелері бар.

Алматы. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда Тұӊғыш Президент күнініӊ қарсаӊында көпфункционалды "Жарыс Арена" спорт кешені ашылды. Жоба демеушілер қаржысы есебінен жүзеге асты, кешен Орбита-3 ықшам ауданындағы №40 жалпы білім беретін мектеп аумағына орналасқан.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға және кем дегенде 100 денешынықтыру-сауықтыру кешендерін салу қажеттігіне назар аударған еді.

Ел Президенті қойған міндеттерді орындау мақсатында Алматыда қаланыӊ инфрақұрылымын модернизациялау, спорт орталықтары мен алаӊдарын реконструкциялау және ашу жұмыстары белсенді түрде жүруде. Осы ретте мемлекеттік-жеке әріптестік аясында іске асатын жобаларға айрықша мән берілуде. Өз кезегінде көпфункционалды "Жарыс Арена" спорт кешені Мемлекет басшысы Жолдауын жүзеге асыру аясындағы алғашқы объект болып табылады.

"Біздіӊ Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық спортты және еліміздіӊ спорттық инфрақұрылымын дамытуға тұрақты назар аударуда. Өздеріӊіз көргендей, жеке сектор мемлекеттіӊ қолдауы барысында үлкен жұмыстарды атқаруда, соныӊ арқасында біздіӊ балаларымыз спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда тамаша мүмкіндіктерге қол жеткізіп отыр. Уақыттан тыс кездері мұнда жақын орналасқан аудандар тұрғындары да спортпен айналыса алады", - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, жаӊа спорт кешені мектеп жанындағы бос жатқан жерге қысқа уақыт ішінде тұрғызылды. Мұнда жасанды антиаллерген төселген бірнеше жабық футбол алаӊдары, волейбол және баскетбол ойнайтын бөліктер, ұзындығы 250 метр болатын жүгіру жолы, әйелдер мен ерлердіӊ шешінетін және жуынатын бөлмелері бар.

Бұрындары Алматыда қайта жасалған "Спутник" стадионында балалар үшін "Жас қыран" атты футболдан оқу және жаттығу кешені ашылған еді. 800 көрерменге арналған жаӊа стадион шатырында түрі бөлмелер, ФИФА сертификаттаған дренажды желісі және жасанды итальяндық газонды алаӊдар бар. Мұнда 500-ден астам жасөспірім футболшылар жаттыға алады, футбол орталығыныӊ жаттықтырушылар штатында 50 адам жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны