30.06.2018, 13:18 8436

Алматыда "Спорт меніӊ ауламда" бағдарламасы аясында қалалық жарыстыӊ финалы өтеді

Финалға жеткен жеткіншектер шағын футбол мен стритболдан өзара мықтыны анықтайды. Жарыс нәтижелері бойынша, жеӊімпаздар мен жүлдегерлер грамота және медальдармен марапатталады.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan Today -Алматыда маусымныӊ 30-ы күні, "Құлагер" ықшам ауданында "Спорт меніӊ ауламда" жобасы аясында ұйымдастырылған жарыстыӊ ақтық мәресінде алып шаһардыӊ үздік командалары бақ сынаспақ, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Финалға жеткен жеткіншектер шағын футбол мен стритболдан өзара мықтыны анықтайды. Жарыс нәтижелері бойынша, жеӊімпаздар мен жүлдегерлер грамота және медальдармен марапатталады.

"Спорт меніӊ ауламда" жобасыныӊ басты мақсаты 7-ден 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердіӊ спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Айта кетер жайт, былтырғы жылы "Спорт меніӊ ауламда" бағдарламасы аясында барлық қатысушылардыӊ арасында "Чемпиондар лигасы"атты қалалық турнир өткен болатын. Оған шамамаен 1000-ға жуық үздіктер қатарынан көрінген балалар мен жасөспірімдер спорттыӊ бірнеше түрінен бәстескен болатын. Сонымен қатар,аула командалары арасындағы жарыстар жиі өткізіліп тұрды.

Өткізілу орны:"Құлагер" ықшам ауданы, Жетісу әкімдігініӊ артында орналасқан алаӊ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны