25.05.2015, 12:51 7579

Алты елдіӊ армиялық спортшылары үздік боксшы атағына күресуде

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Малайзия және Изірбайжаннан 130 мықты армиялық спортшы үздік былғары қолғап шебері атағына күресуде. Халық қаһарманы Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан ХІХ халықаралық турнир Алматыда ҚР ҚМ АОСК оқу-жаттықтыру орталығыныӊ базасында өтеді

Астана. 25 Мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Малайзия және Изірбайжаннан 130 мықты армиялық спортшы үздік былғары қолғап шебері атағына күресуде. Халық қаһарманы Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан ХІХ халықаралық турнир Алматыда ҚР ҚМ АОСК оқу-жаттықтыру орталығыныӊ базасында өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Біздіӊ елді ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубыныӊ дарынды спортшылары көрсетеді. Олардыӊ арасында бокстан әлем чемпионатыныӊ жүлдегері ҚР ҚМ АОСК қатардағы жауынгері Сарқұлов Елдос және жастар арасындағы бокстан әлем чемпионы Айхымбаев Шалқар бар. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Бокстан бұл халықаралық турнирді біз аӊыз адам Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке арнаймыз. Сайыстыӊ өзініӊ тарихы мен дәстүрі бар. Ирбір боксшы үшін оған қатысу, әсіресе, жеӊу - бұл үлкен мақтаныш пен абырой, - деп атап өтті Спорт комитетініӊ төрағасы - ҚР ҚМ АОСК бастығы Айталап Қорғамбаев.

Халықаралық деӊгейдегі жарыстарда біздіӊ әскери қызметшілер таяу және алыс шетел мемлекеттерініӊ армиялық спортшыларына елеулі бәсекелестік туғызады. Қазақстанныӊ Қарулы Күштері спортты және әскери қызметшілердіӊ дене даярлығын дамытуға ерекше көӊіл бөледі. Осы жұмыстыӊ нәтижесі ретінде қазақстандық армиялық спортты жаӊа сапалық деӊгейге көтеретін бұл спортшыларымыздыӊ жеӊісі саналады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны