30.07.2012, 09:45 2525

Астанада 2014 жылы - тас жол жарысынан және тректен Азия біріншілігін және 2015 жылы тректен жасөспірімдер арасындағы Илем біріншілігі өтеді

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлыбританияға сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық велошабандоздар одағының президенті, Халықаралық Олимпиялық Комитеттің мүшесі Пэт Маккуейдпен кездесті.

Лондон. 30-шілде. Kazakhstan Today - Астанада 2014 жылы - тас жол жарысынан және тректен Азия біріншілігін және 2015 жылы тректен жасөспірімдер арасындағы Илем біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлыбританияға сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық велошабандоздар одағының президенті, Халықаралық Олимпиялық Комитеттің мүшесі Пэт Маккуейдпен кездесті.

Кездесу барысында Пэт Маккуейд Мемлекет басшысының бастамасымен салынған "Сарыарқа" республикалық велотрегі бірегей заманауи спорт нысандарының бірі екендігін атап өтті. Мұнда 2011 жылда Илем Кубогының бірінші кезеңі сәтті өткен болатын.

Пэт Маккуейд Қазақстан Республикасының Президентіне Халықаралық велошабандоздар одағының алтын төсбелгісін тапсырды, сондай-ақ әлемде велосипед спортының дамуына, 2011 жылы Астанада тректен Илем кубогының бірінші кезеңінің өткізілуіне қосқан үлесі үшін және "Астана Про Тим" велокомандасын қолдағаны үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар, кездесуде Астанада 2014 жылы - тас жол жарысынан және тректен Азия біріншілігін және 2015 жылы тректен жасөспірімдер арасындағы Илем біріншілігін өткізу туралы шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны