03.02.2011, 16:03 6637

Ауа райы Азиада ойындарының бағдарламаға сәйкес өтуіне кері әсерін тигізуде

Ауа райы Азиада ойындарының бағдарламаға сәйкес өтуіне кері әсерін тигізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 3 - ақпан. Kazakhstan Today - Ауа райы Азиада ойындарының бағдарламаға сәйкес өтуіне кері әсерін тигізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жауған жаңбырдың салдарынан қардың еріп жатқандығына байланысты, Алматы облысының Солдат шатқалындағы шаңғы-биатлон биатлон стадионында өтуі тиіс әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сын жарысы ертеңге ауыстырылуы ықтимал.

Айта кетейік, 7-Қысқы Азия ойындарының бағдарламасына сәйкес, бүгін сағат 10:00-де ертең өтетін биатлоннан ерлер арасындағы 20 шақырымдық жекелей сын жарысының жаттығуы басталуы тиіс болатын. Алайда қардың еріп кетуіне байланысты жаттығулар әлі басталған жоқ. Жарыс жолына жауапты мамандардың айтуынша, жасанды қарды тым болмағанда ауа-температурасы минус үш градусты көрсетіп тұрса жасауға болады, ал қазір ауаның температурасы 6 градус жылылықты көрсетіп тұр. Қазіргі кезде еріктілердің көмегімен қар тасылып, жолдарға төселуде.

Осы жағдайға байланысты сағат 13:00 де басталуы тиіс әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сын жарысының мәселесі талқылануда. Айта кетейік, бұл жарыста мамандар жерлестеріміз Марина Лебедева мен Елена Хрусталеваны алтыннан басты үміткерлердің қатарына жатқызып отыр. Қазақстандықтардың негізгі қарсыластары жапондық Судзуки Фуюко (Suzuki Fyoko) мен Ақ Азиаданың 7,5 шақырымдық спринт жарысында чемпион атанған Ван Чунли (Wang Chunli).

Ұйымдастырушылардың айтуынша жарыс жолының бір бөлігіне қар төселінсе қашықтық кеміп, айналымдар азаяды, жарыстар жалғасын табады. Егер бұл мәселе шешімін таппаса, жарыстар келесі күнге ауыстырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны