26.08.2021, 21:15 86416

Дегтярев Токио Паралимпиада ойындарында алтын жеңіп алды

ТОКИО. 26 ТАМЫЗ - Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
 
Пауэрлифтингтен ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды. 
 
Ол өзінің үздік нәтижесінде 174 келіні көтеріп, алтын медаль жеңіп алды. 
 
Күмісті франциялық А. Борлоун, қоланы грекиялық Д. Бакорхристос иеленді. 
 
Айта кетелік, Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын 25 атлет қорғап жатыр. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны