21.05.2026, 16:08 1821

Молдованың елшісі ҚР СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Молдованың елшісі ҚР СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Қазақстан Республикасындағы Молдова Республикасының жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Игорь Молдованнан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.

Сондай-ақ екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті.

Кездесудің соңында, Молдова Елшісі жылы қабылдау үшін алғыс айтып, достық пен әріптестік рухында мемлекетаралық қарым-қатынастарды дәйекті дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны