09.07.2018, 20:10 5230

Динара Сәдуақасова халықаралық шахмат рейтингі бойынша он бірінші орынға көтерілді

30 маусымнан-7 шілдеге дейін Корсика аралында Портиччио қаласында өткен l 'Open d' ?checsdePorticcio (немесе Porticcio Open-2018) беделді халықаралық ашық турнирде жеӊіске жеткеннен кейін, қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова халықаралық шахмат рейтингі бойынша он бірінші орынға көтерілді. Бұл қазақстандық шахмат тарихында жаӊа рекорд.

Астана. 9 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстандық шахматшы әлемдегі еӊ мықты әйелдердіӊ TOP-10-ға кіруге 1 позиция жетпей тұр.

Шахмат бойынша бірнеше дүркін әлем чемпионы, ғаламшар бойынша он бес еӊ мықты әйел қатарына кірген Динара Сәдуақасова әлемдік FIDE рейтингі бойынша еӊ мықты ондық шахматшылар қатарына кіруге жақын.

30 маусымнан-7 шілдеге дейін Корсика аралында Портиччио қаласында өткен l 'Open d' ?checsdePorticcio (немесе Porticcio Open-2018) беделді халықаралық ашық турнирде жеӊіске жеткенген кейін, қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова халықаралық шахмат рейтингі бойынша он бірінші орынға көтерілді.

Бұл қазақстандық шахмат тарихында жаӊа рекорд.

Портиччио турнирінде 24 елден 250 спортшы қатысты, ойыншылар жасы 14-тен 50-ге дейiн, жүлдегерлер Еуроодақ елдерінен бастап Оӊтүстік Африка республикасынан қатысты. Турнирде Қазақстанныӊ шахмат ханшайымы әйелдер арасында бірінші орын алды.

"Чехияда өткен турнирде үздік нәтиже көрсетсемде, өз ойымша бар күшімді көрсете алмадым, сондықтан мен Портиччио турнирiне шақыру алған кезінде, ойынға бар күшімді салуға мақсат қойдым. Ойын қатал өтті. Турнирге гроссмейстерлер, ФИДЕ рейтингініӊ топ ойыншылары қатысты. Турнирде теӊ ойынға келісімге тыйым салатын ереже болды, бұл ойынды одан да қызықты әрі ымырасыз ете түсті. Мұндай турнирлер спортшыларға өздерін көрсетуге және өз елі туралы жария етуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшінші рет қатысқан болатын, мен халықаралық гроссмейстерлер қазақ шахматшыларды күшті бәсекелестер қатарында көретініне қуаныштымын ", - деді ойын туралы Динар Сәдуақасова.

Белгілі шахматшы Қазақстан халқы үшін әлемдегі еӊ мықты әйелдердіӊ TOP-5-іне кіру туралы уәдесін орындауға ниет білдіріп, жақын арада Қазақстанға шахмат тәжін әкелетінін растады.

Турнирден кейін, біздіӊ отандасымыз БҰҰ Халықаралық Төтенше Балалар ізгі ниет елшісі ретінде, көрнекті қоғам қайраткері, беделді қазақстандық шахматшы Лазарь Елмухамбетовке арналған турнирде мастер класстар және бір сеанстық ойын өткізү үшін Ақтау қаласына аттанады. Осы жылдыӊ басында, Динара елдегі шахмат дәріптеу арқылы қазақстандық жастарды қолдау үшін оныӊ кеӊ әлеуметтік бағдарламалар іске қосу туралы жария еткенін еске саламыз.

Porticcio Open-2018 - швейцар жүйесі бойынша өткізілетін, 9 турдан тұратын жыл сайынғы халықаралық ашық шахмат турнирі. Соӊғы 5 жыл бойы ол Корсика, Porticcio қаласында өткізіледі, жыл сайын танымал болып келеді. Бұл турнир, сондай-ақ, турнир "болашақтар турнирi" болып бейресми белгілі, өйткені бул турнир шахмат әлеміндегі жаӊа таланттарды ашады. Бесінші турнирге 33 халықаралық гроссмейстерлер және спорт шеберлері қатысты.

ФИДЕ рейтингі

ФИДЕ рейтингі - (ФИДЕ, фр. F?d?ration Internationale des ?checs, FIDE) - Халықаралық шахмат федерациясыныӊ қалыптасқан айлық шахмат рейтингі, Элo рейтингтік жүйесін есептеу әдісінде негізделген. Эло рейтингі шахматта ойыншылардыӊ нәтижелері негізінде есептеледі. Эло рейтингтік жүйесi ойыншыларды тоғыз класс ішіне бөледі: еӊ жоғары класс 2600 рейтингтен басталады ,төменгі класс 1200 рейтингіне сәйкес келеді.

Қазақстанда ЮНИСЕФ ізгі ниет елшісі

ЮНИСЕФ ізгі ниет елшісі атағын атақты адамдардыӊ үлесін атап, 1954 жылдан бастап мәдениет, спорт, әдебиет қайраткерлерін өз елдерінде және бүкіл әлемде балалар құқықтарын қорғап және насихаттағандары үшін тағайындай бастады. Ізгі ниет елшісі болу, балалардыӊ проблемаларына бей-жай қарамайтын белгілі тұлғаларға, мұқтаж балалар мен олардыӊ отбасыларыныӊ қажеттіліктеріне назар аударуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда ЮНИСЕФ-тіӊ алғашқы ізгі ниет елшісі болып әнші және композитор Батырхан Шүкенов тағайындалған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны