27.01.2020, 17:59 27759

Доха қаласында Халықаралық әскери спорт кеңесі спорт комитеттері басшыларының отырысы өтті

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері CISM басшылығының құрамына енді және 2019 жылдың қазанынан бастап бокс бойынша комитетті басқарады.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Катар астанасы Доха қаласында Халықаралық әскери спорт кеңесі - CISM президентінің басшылығымен спорт комитеттері басшыларының отырысы өтті. ҚР Қорғаныс Министрлігінен бұл отырысқа ҚР ҚМ АОСК спорт комитетінің басшылығы қатысты.

Халықаралық әскери спорт кеңесі 135 елді біріктіретін және Дүниежүзілік әскери ойындарды қоса алғанда, маңызды халықаралық спорттық іс-шаралардың ұйымдастырушысы болып табылатын әлемдегі ең ірі спорт ұйымдарының бірі болып табылады. Кездесуге қатысушылар әскери-қолданбалы және олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Сондай-ақ кездесу барысында "Самбо" спортының жаңа түрін CISM бағдарламасына және спорттық шаралардың екі жылдық жоспар-кестесін енгізу туралы ұсыныс қаралды.

Отырыста VII Дүниежүзілік әскери ойындарының қорытындысы шығарылып, онда комитеттің әрбір Президенті жетекшілік ететін спорт түрлері бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Белгілі болғандай, ойындарды өткізу кезінде спорттық бағдарлау, футбол және баскетбол бойынша ұйымдастырушылар тарапынан ережелерді өрескел бұзуға жол берілген. Болашақта мұндай жағдайларды болдырмау үшін әрбір жағдай бойынша тергеу тағайындалған.

"CISM жыл сайын әртүрлі спорт түрлерінен әскери қызметшілер арасында 20-дан астам әлем чемпионатын және әр төрт жыл сайын Дүниежүзілік жазғы және қысқы әскери ойындарды ұйымдастырады. Бұл әскери қызметшілерге арналған Олимпиада" - деп атап өтті Спорт комитетінің төрағасы ҚР ҚМ АОСК бастығы Айталап Қорғанбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері CISM басшылығының құрамына енді және 2019 жылдың қазанынан бастап бокс бойынша комитетті басқарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны