27.07.2016, 16:51 5209

Елордада Президент кубогы-2016 халықаралық теннис турнирі жалауын көтерді

Бүгін елордалық Ұлттық теннис орталығында Challenger ATP және ITF WomenИs сериясындағы «Президент кубогы - 2016» турнирі басталды.

Астана. 27 шілде. Kazakhstan today. Бүгін елордалық Ұлттық теннис орталығында Challenger ATP және ITF WomenИs сериясындағы «Президент кубогы - 2016» турнирі басталды. Жарысқа 30 мемлекеттіӊ спортшылары қатысады. Дүбірлі додада Дмитрий Попко, Тимур Хабибуллин, Алексей Кедрюк, Камила Керімбаева, Гозаль Айнитдинова, Александра Гринчишина, Арина Талуенко сынды спортшылар ел намысын қорғайтын болады. И
- Биыл бәсекелестік күшті болады. Ресей құрамасы да мықты. Спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймын. Қазақстанныӊ екінші ракеткасы астаналық Дмитрий Попкоға үлкен үміт артып отырмыз. Оған қолдау көрсету қажет. Ийелдер құрамасы да мықты, - дейді Қазақстан теннис федерациясыныӊ өкілдері.
Турнир қорытындысы жексенбі, 31 шілде күні шығарылады.
Кубок аясында Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінен келген 12 жасқа дейінгі балалар арасында жарыс өткізіледі. Аталған спорт түрініӊ әуесқойлары да жарыстан тыс қалған жоқ. Олар әуесқойлар арасындағы ІІІ Astana Open - 2016 республикалық турниріне қатысуда. Жыл сайын тенниспен айналысатын астаналықтар саны артып келеді. «Дәулет» СК директоры Қуандық Елжановтыӊ айтуынша, қазіргі кезде орталықта 700 астам бала жаттығады, 15-тен артық маман жұмыс істейді.
- Астанада тағы да бір корт салынады. Ол теннистіӊ дамуына септігін тигізеді. Бүгінде мына спорттық база біз үшін аздық етеді. Біздіӊ жетекші спортшыларымыз құрама команда сапында өнер көрсетеді, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері нормативтерін көрсетеді. Бұл маӊызды жетістіктер, аталмыш спорт түрі көз алдымызда дамып келеді, - дейді Қуандық Елжанов. И
Сонымен қатар, Қазақстанда Астана мен Шымкентте солтүстік пен оӊтүстік өӊірлерге арналған екі орталық құрылады.
Солтүстік өӊірлерге арналған орталық Астанада «Дәулет» ұлттық теннис орталығыныӊ базасында жұмыс істейді. Тамыз айында халықаралық стандарттарға сай спортшылар тұратын жаӊа кампус салына бастайды.И

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны