04.05.2015, 09:34 8210

Головкин әлемніӊ үздік боксшыларыныӊ үштігіне кірді

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойыншпа бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин салмақ санатына қарамастан әлемніӊ үздік боксшыларыныӊ үштігіне енді

Астана. 04 Мамыр. Kazakhstan Today - WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойыншпа бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин салмақ санатына қарамастан әлемніӊ үздік боксшыларыныӊ үштігіне енді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Boxrec.com нұсқасы бойынша P4P тәуелсіз рейтингі американдық Флойд Мейвезер мен филиппиндік Мэнни Пакьяо арасындағы ұрыстан кейін жаӊартылды. 12 раундтыӊ қорытындысымен төрешілердіӊ бірауыздан дауыс беруімен жеӊіс Мейвезерге берілді, ол WBA (Super) және WBC нұсқасы бойынша атағын сақтап қалды және Пакьяоныӊ WBO белбеуін иеленді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сөйтіп, Мейвезер 48-ші жеӊісіне қол жеткізіп. Р4Р рейтіингісіндегі көшбасшылығын бекітті (2059 ұпай). Пакьяо мансабындағы алтыншы жеӊіліске ұшырап, үшінші орыннан сегізінші тармаққа төмен түсті.

Филиппиндік боксшыныӊ құлдырауы Головкинді үшінші орынға көтерді. Қазақстандық тізімдегі екінші орынды иеленіп отырған Владимир Кличкоға жол берді.

Бұдан бұрын Пакьяоны жаттықтырып жүрген Фредди Роусч қазіргі кезде Головкин салмақ санатына қарамастан әлемніӊ үздік боксшысы болып қалып отыр, деген болатын. Оныӊ айтуынша, қазақстандық боксшы Андре Уордпен бірге Флойд Мейвезерден жоғары тұруы тиіс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны