27.06.2016, 10:35 7459

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Алмас Өтешов, Ермек Өміртай және Жасұлан Қыдырбаевты спорттан шеттетті

Будапештте өткен отырыстыӊ қорытындысы бойынша, еліміздіӊ зілтеміршілері Ермек Өміртай мен Алмас Өтешов - 4 жылға, Жасұлан Қыдырбаев 8 жылға спорттан шеттетілді.

Астана. 27 маусым. Kazakhstan Today - Будапештте өткен Халықаралық ауыр атлетика федерациясыныӊ тәртіптік комиссиясыныӊ отырысында еліміздіӊ зілтеміршілері Алмас Өтешов, Ермек Өміртай және Жасұлан Қыдырбаевты әр түрлі мерзімге спорттан шеттету туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды BNews.kz. Өткен жылғы әлем чемпионатында спортшылардан алынған допинг-сынамалардан тыйым салынған стероидтар табылып, осыдан соӊ IWF оларды халықаралық жарыстардан уақытша шеттеткен болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Будапештте өткен отырыстыӊ қорытындысы бойынша, еліміздіӊ зілтеміршілері Ермек Өміртай мен Алмас Өтешов - 4 жылға, Жасұлан Қыдырбаев 8 жылға спорттан шеттетілді. Енді аталған спортшылар Риода өтетін Олимпиадаға қатыса алмайды. Сондай-ақ Қыдырбаев пен Өтешов Хьюстонда өткен әлем чемпионатында жеӊіп алған медальдарынан айырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны