11.10.2018, 13:05 5934

Halyk Arena көпфункционалды кешенінде Алматы әуесқой хоккей лигасыныӊ кезекті ойындары өтті

АИХЛ - жас лига болғанымен өзініӊ тарихын қалыптастырып, көптеген жанкүйерлер жинап үлгерді. Ир демалыс сайын Halyk Arena кешенінде "А" және "Б" дивизиондарында өнер көрсететін 14 ұжым өз бақтарын сынап, осы лига аясында тартысқа толы хоккей ойындарын көрсетеді.

Алматы. 11 қазан. Kazakhstan Today - Halyk Arena көпфункционалды кешенінде Алматы әуесқой хоккей лигасыныӊ кезекті ойындары өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

АИХЛ - жас лига болғанымен өзініӊ тарихын қалыптастырып, көптеген жанкүйерлер жинап үлгерді. Ир демалыс сайын Halyk Arena кешенінде "А" және "Б" дивизиондарында өнер көрсететін 14 ұжым өз бақтарын сынап, осы лига аясында тартысқа толы хоккей ойындарын көрсетеді.

"Біздіӊ алып шаһарымызда әлемдік деӊгейдегі спорттық инфрақұрылымдар пайда болып, осындай Halyk Arena сынды әмбебап кешендер салынғаннан бері хоккейден жарыстар жиі өткізіле бастады. Екі жылдын ішінде Алматы әуесқой хоккей лигасыныӊ команда саны екі есеге көбейіп, барлығы 14 клуб болды. АИХЛ - өте қызықты турнир. Бұл жердегі ойындар ҰХЛ немесе КХЛ-дан да қызықтырақ өтеді. Ал, егер шыӊдығына келетін болсақ, лига расымен де тартысқа толы. Біз үнемі жұлдыздар матчтарын өткізіп тұрамыз. АИХЛ-да барлық ойындар, ережелер әлемдік лигаға сәйкес өткізіледі. Барлық хоккей сүйер қауымныӊ атынан Алматы әкімдігі, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына осы спорттыӊ дамуына қолдау көрсетіп жатқаны үшін алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, осы лиганыӊ президенті Жарқын Илжановқа да лиганыӊ деӊгейі өсіп, бізге барлық жағдайды жасап жатқаны үшін алғыс білдіремін", - деді лиганыӊ жанкүйер Григорий Стрельцов.

Айта кетер жайт, АИЛХ-да қатысатын командалар көптеген Еуропа және Солтүстік Америка турнирлеріне де жиі шақырту алып тұрады.

Назарларыӊызға екі дивизонныӊ нәтижелерін ұсынамыз:

Дивизион А

Almaty KZ - НСК 5:6

Rakhimzhan 2 - Cтрижи 15:4

Еӊбек ХК - Bi Almaty 6:9

Berkut - Rakhimzhan 1 0:5

Скиф - ХК Scorpions 4:5

Дивизион Б

Еӊбек ХК - ХК Scorpions 6:5

Berkut - Nomads Almaty 3:7

Ice Man - Aspantau 0:11

Алмаз - Арлан 0:13

Комфорт - Николь 6:4

Скиф - Алма-Ата 7:2

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны