05.05.2017, 17:47 8177

Катарда индор хоккейден өткен Азия кубогында Қызылорда облысыныӊ спортшылары алтын жүлде иеленді

Катарда индор хоккейден өткен Азия кубогында Қызылорда облысыныӊ спортшылары алтын жүлдені иеленіп, келесі жылы Германияда болатын Илем чемпионатына жолдаманы жеӊіп алды.

Қызылорда. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Катарда индор хоккейден өткен Азия кубогында Қызылорда облысыныӊ спортшылары алтын жүлдені иеленіп, келесі жылы Германияда болатын Илем чемпионатына жолдаманы жеӊіп алды. Қазақстан құрама команда сапында облысымыздан Ийгерім Маханова, Алиса Чепкасова, Қарлығаш Болғанбаева және Гузал Бахабаддиндер өнер көрсетті.

Былтырғы жылы Қызылорда облысыныӊ спортшылары Алматы облысында Азия кубогында 2-орын иеленген болатын. Сондай-ақ, әйелдер мен ерлер командасы 2016 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатыныӊ күміс жүлдегері.

Сырдария ауданы "Қайсар" ойын түрлері спорт клубында тәлім алатын спортшыларды жарысқа облыстыӊ аға жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады.

Ендігі мақсат - биылғы жылдыӊ маусым айында Тараз қаласында өтетін көгалдағы хоккейден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасыныӊ кубогына қатысу.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны