24.09.2010, 14:37 8412

Қазақстан ауыр атлетика бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші алтынды қанжығасына байлады

Қазақстан ауыр атлетика бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші алтынды қанжығасына байлады

Алматы. 24 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысының спортшысы Светлана Подобедова Түркияда ауыр атлетика бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Халықаралық ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасай отырып.

"75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 295 келіні бағындырған Алматы облысының спортшы Светлана Подобедова ресейлік спортшылар Наталья Заболотная мен Надежда Евстюхинаны артта қалдырып, әлем чемпионы атанды.

Естеріңізге сала кетсек, Анталияда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы Қазақстанның қанжығасындағы алғашқы алтынының иегері 63 кг салмақ дәрежесі бойынша бақ сынаған Майя Манезе болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны