17.03.2015, 21:09 12996

Қазақстан Ұлттық құрамасы 23 наурызда Астанада жиналып, 2016 жылғы Еуропа Чемпионатыныӊ іріктеу турнирінде Исландиямен өтетін ойынға және Ресей құрамасына қарсы жолдастық матчқа дайындықты бастайды.

Астана. 17 наурыз. Kazakhstan Today - 28 наурызда "Астана Арена" спорт кешенінде Юрий Красножан шәкірттері іріктеу турниріндегі топ көшбасшыларыныӊ бірі Исландияны қабылдайды. Ал, 31 наурызда қазақстандық футболшылар "Арене Химки" стадионында Ресей құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Ұлттық құрамасыныӊ бапкерлер құрамы келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Владимир Логиновский (Астана), Владимир Плотников (Қайрат), Стас Покатилов (Ақтөбе), Ненад Эрич (Астана)

Қорғаушылар: Ренат Абдулин (Ордабасы), Елдос Ахметов (Астана), Абзал Бейсебеков (Астана), Илья Воротников (Тараз), Марк Гурман (Қайрат), Ермек Қуантаев (Қайрат), Юрий Логвиненко (Ақтөбе), Сергей Малый (Ордабасы), Гафуржан Сүйімбаев (Ордабасы), Дмитрий Шомко (Астана), Константин Энгель (Ингольштадт, Германия).

Жартылай қорғаушылар: Аслан Дарабаев (Қайрат), Бауыржан Жолшиев (Астана), Георгий Жуков (Астана), Бауыржан Исламхан (Қайрат), Ұлан Қонысбаев (Астана), Александр Меркель (Грассхоппер, Швейцария), Азат Нұрғалиев (Ордабасы), Самат Смақов (Ертіс), Асхат Тағыберген (Ақтөбе).

Шабуылшылар: Тоқтар Жаӊғылышбай (Астана), Дәуренбек Тәжімбетов (Ордабасы), Сергей Хижниченко (Ақтөбе), Алексей Щеткин (Астана). Ұлттық құраманыӊ негізгі ойыншыларыныӊ жарақаты ескеріліп, сонымен қатар, алда өтетін Премьер-Лиганыӊ төртінші тур ойындарына байланысты келесі футболшылар қосымша тізімге енгізілді. Олар - қақпашы Андрей Сидельников, қорғаушы Виктор Дмитренко (Ақтөбе), жартылай қорғаушылар Бауыржан Байтана (Қайрат), Тимур Досмағамбетов (Тараз), Жақып Қожамберді (Тараз), Станислав Лунин (Қайрат) және шабуылшылар Роман Мұртазаев (Шахтер) пен Таӊат Нөсербаев (Астана). ҚФФ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны