03.03.2014, 19:57 31923

Қазақстанда олимпиадалық резервті даярлау бойынша 17 орталық жұмыс істейді - Т.Есентаев

Қазақстанда олимпиадалық резервті даярлау бойынша 17 орталық жұмыс істейді, деп ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінде өткен кеңейтілген отырыста ведомство басшысы Тастанбек Есентаев мәлім етті.

Алматы. 3 наурыз. Kazakhstan today. Қазақстанда олимпиадалық резервті даярлау бойынша 17 орталық жұмыс істейді, деп ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінде өткен кеңейтілген отырыста ведомство басшысы Тастанбек Есентаев мәлім етті.

"Мемлекеттің сапалы спорттық резервін даярлау бойынша 17 олимпиадалық резервті даярлау орталығы жұмыс істейді. Онда барлығы 1359 спортшы өз шеберлігін шыңдауда, ал, 9 республикалық мамандандырылған олимпиада резервін даярлау бойынша орталықтарда 1275 спортшы өз біліктілігін арттыруда. Орталықта жаттығатындардың 95% Қазақстанның ұлттық жастар және жасөспірімдер құрама қомандасына кіреді", - деді Т. Есентаев.

Коллегияда спорттық жыл қорытындыланды. Жалпы құрама қомандаға кіретін спортсмендер әртүрлі деңгейдегі 732 медалді иеленді.

"Олимпиадалық емес спорт түрі бойынша барлығы 279 медальге қол жетсе, оның - 112 алтын, 80 күміс, 87 қола. Олардың ішінде 92 әлем чемпионатынан, Азиядан - 43, халықаралық турнирлерден - 144 медаль", - деп Агенттік басшысы хабарлады.

Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі спортшылар халықаралық жарыстарда 28 медальды қанжығасына байласа, олардың 9 алтын, 13 күміс және 4 қола.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны