13.04.2018, 10:00 6436

Қазақстанда жеӊіл атлетшілерді дайындаудыӊ заманауи әдісін дамытады

Мәселен, төрт жылдан соӊ Федерация негізінде елдіӊ 6 қаласында әлемдік стандарттарға сай келетін жеӊіл атлетика спорт кешендерін ашу жоспарда тұр. Олардыӊ біреуі Семей қаласында орналаспақ. Бүгінде жаӊа ғимараттыӊ жобасы бекітілген

Өскемен. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстанға Швейцариядан Weltklasse Zurich Гауһар лигасы ақтық кезеӊініӊ со-директоры Андреас Хёдигер келді. Құрметті қонақтарды облыс әкімі - республикалық жеӊіл атлетика Федерациясыныӊ президенті Даниал Ахметов қабылдады. Кездесу барысында екі жақ Қазақстандағы жеӊіл атлетиканы дамытудыӊ жоспарларын талқылады.

- Қош келдіӊіздер! Көргеніме қуаныштымын, - деп қонақтарды қарсы алған Даниал Ахметов алдағы жылдары тек аймақ емес, ел ішінде жүзеге асырылуы тиіс міндеттерді тілге тиек етті.

Мәселен, төрт жылдан соӊ Федерация негізінде елдіӊ 6 қаласында әлемдік стандарттарға сай келетін жеӊіл атлетика спорт кешендерін ашу жоспарда тұр. Олардыӊ біреуі Семей қаласында орналаспақ. Бүгінде жаӊа ғимараттыӊ жобасы бекітілген. Аймақ басшысы сондай-ақ, мамандардыӊ біліктілігі мен спортшыларды оқыту әдіс-тәсілдеріне қатысты бірқатар проблемаларды да жеткізді.

- Біздіӊ жаттықтырушылардыӊ сапасы мен біліктілігіне қатысты мәселелер бар. Басым бөлігі өткен күнніӊ оқыту негіздерін басшылыққа алады. Облыста дарынды атлетшілер бар, бірақ, өкінішке орай, заманауи көзқарастағы жаттықтырушылар жоқ. Бұл бірінші мәселе, ал екіншісі -ғылыми тәсілдеме жоқ. Ол барлық посткеӊестік мемлекеттерде жоқ. Сондықтан бірінші кезекте жаттықтырушыларды оқыту мәселесі өзекті болып тұр, - деді Даниал Ахметов.

Андреас Хёдигер өз кезегінде Қазақстандағы жағдай жан-жақты сараланатынын жеткізді. Бұдан бөлек, үздік халықаралық тәжірибелер басшылыққа алынып, оны Қазақстанға енгізу және қолдану жолдары қарастырылмақ.

- Семинарды қолдана отырып, әлемдік тәжірибемен бөліскім келеді. Мәселен, американдық модель. АҚШ университеттерінде спорт бағыты қалай дамып жатқанына, сонымен қатар, басқа да елдерде қолданылатын басты элементтерге нақтырақ тоқталамын, - деп, атап өтті Гауһар лигасы ақтық кезеӊініӊ со-директоры.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан өткен жылы ел ішінде бірінші болып кәсіби "Altay athletics" клубын ашқан болатын.

Кездесу барысында облыс әкіміне әлемдегі еӊ жылдам спринтер, сегіз дүркін Олимпиада чемпионы Усэйн Болттыӊ қолтаӊдасы қойылған естелік сыйлық табыс етілді.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны