26.10.2016, 12:54 5246

Қазақстандық коньки тебушілер "Универсиада-2017" басталғанға дейін Илем кубогыныӊ 4 кезеӊіне қатыспақ

Алда келе жатқан "Универсиада-2017" ойындарында ҚР ұлттық студенттік құрамасында 24 коньки тебуші өнер көрсететін болады.

Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстандық коньки тебушілер "Универсиада-2017" ойындарына белсенді дайындық жүргізуде. 1 қазаннан бастап ұлттық студенттік құрама Астанадағы "Алау" мұз алаӊында дайындалып, оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

ҚР-ныӊ конькимен жүгіру спорты бойынша мемлекеттік жаттықтырушысы Кенжеш Сәрсекенова осыған орай былай деп атап өтті: "Универсиада-2017" ойындарына қатысатын қазақстандық команда Алматыда өтетін алдағы студенттік ойындарға белсенді дайындалуда. Қазір біздіӊ спортышлар елорданыӊ "Алау" мұз алаӊында жаттығуда. 6-13 қараша аралығында біздіӊ команда Қытайдыӊ Харбин қаласында өтетін Илем чемпионатына қатыспақ".

Жаттықтырушыныӊ сөзі бойынша, Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 ойындары басталғанға дейін, конькимен жүгіру спорты бойынша қазақстандық құрама әлемніӊ 4 чемпионатына қатыспақ.

"Біздіӊ спортшылар Харбин, Нагано, Астана және Херенвендегі әлем чемпионаттарына қатысады. Сондай-ақ, конькимен жүгіру спорты бойынша қазақстандық құрама Алматыда өтетін халықаралық қысқы студенттік ойындарға дейін Қытайдыӊ Үрімші қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді", - деп хабарлады Сәрсекенова ханым.

Алда келе жатқан "Универсиада-2017" ойындарында ҚР ұлттық студенттік құрамасында 24 коньки тебуші өнер көрсететін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны