31.01.2011, 13:46 26280

Қазақстанның қоржынына Азиаданың алғашқы алтыны түсті

Қазақстанның қоржынына Азиаданың алғашқы алтыны түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 31 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның қоржынына Азиаданың алғашқы алтыны түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін таңертең шаңғымен бағдарлауда 7-қысқы Азиада ойындарының алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Ағымдағы жылғы Азиаданың алғашқы медалінің иегері спринтерлік жарыста жеңіске жеткен қазақстандық Ольга Новикова болды. Ол жарыс жолын 13 минут 4,7 секундта өтті. Екінші орынға қазақстандық спортшыдан 4 минут 25,1 секундқа қалып қойған Лю Cаотин табан тіреді. Ал қола жүлде Қазақстан құрамасының тағы бір спортшысы Евгения Кузьминаға бұйырды.

"Азиада ойындарының алғашқы алтынын ұтқанымды әлі сезінген жоқпын. Марапат тұғырында сезінетін шығармын. Ал жалпы жарыс күрделі болды. Бекеттердің бірінде қателік жіберіп алдым, дегенмен жылдамдығым көмектесті. Бәсекелестерден тайсалған жоқпын. Өзімді-өзім қолға алдым", - дейді О.Новикова.

Сондай-ақ, Қазақстанға Азиаданың екінші алтынын Михаил Сорокин әперді. Ол да бүгін Алматы облысындағы Солдат шатқалында басталған шаңғымен бағдарлау спринтерлік жарысында бірінші келді. Ол жарыс жолын 13 минут 31 секундта бағындырса, одан 1 минут 42,7 секунд қалып қойған тағы бір қазақстандық спортшы Александр Бабенко күміс медальды иеленді. Ал қол жүлде Моңғолия спортшысы Герелт-Од Байарaаға бұйырды

Кроме того, казахстанская спортсменка Юлия Галышева стала победительницей квалификации в соревнованиях по могулу. Она набрала в сумме 20,64 балла, более чем на 4 балла опередив показавшую второй результат представительницу Японии Мики Ито (Miki Ito). При этом Ю. Галышева не только преодолела дистанцию быстрее своих соперниц (за 24,7 секунды), но и получила наивысшие баллы от судей за исполнение технических элементов. Тройку победителей квалификации замкнула японка Таэ Сатоя (Tae Satoya) 15,73 балла.

Сонымен қатар, жерлісіміз Юлия Галышева Азиада ойынының чемпионы атанды. Бүгін Алматыдағы "Табаған" спорттық-сауықтыру кешенінде өтіп жатқан жарыста 1-орынды қазақстандық спортшы Юлия Галышева жеңіп алды. 2-орынды жапондық Ито Лити, 3-орынды қытайлық Нинг Чин иеленді. Бұл жарыс барысында спортшылар тау беткейінен төмен қарай сырғанап, белгіленген ереже бойынша екі жерден секіріс жасап, 250 метрге созылған қиын шаңғы жолынан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны