30.05.2017, 18:24 4974

Қызылорда қаласында Тимур Сегізбаевтыӊ жүлдесіне арналған республикалық турнир аяқталды

26-28 мамыр аралығында Қызылорда қаласында КСРО спорт шебері, ҚР еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевтыӊ жүлдесіне арналған футболдан 2005 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған турнирге Жамбыл, Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысты.

Қызылорда. 30 мамыр. Kazakhstan Today - 26-28 мамыр аралығында Қызылорда қаласында КСРО спорт шебері, ҚР еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевтыӊ жүлдесіне арналған футболдан 2005 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған турнирге Жамбыл, Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысты.

Турнир нәтижесінде Жамбыл облысыныӊ Тараз қаласыныӊ командасы көш бастаса, екінші орынды Сырдария ауданы, үшінші орынды Қызылорда облысыныӊ №6 футбол жөніндегі олимпиадалық резервтіӊ мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебініӊ командалары иеленді.

Жарыста "Үздік қақпашы" номинациясы бойынша Асқар Сарымбетов (Сырдария), "Үздік қорғаушы" Виталий Марков (Тараз қ.), "Үздік жартылай қорғаушы" Андрей Ким (Сырдария), "Үздік шабуылшы" Ислам Алпысбай (Қызылорда), "Үздік ойыншы" Олег Салтаков (Тараз қ.) марапатталды.

Жеӊімпаз, жүлдегер командаларды және үздік ойыншыларды Қазақстан футбол федерациясыныӊ президенті Сейілда Байшақов, облыстық футбол федерациясыныӊ бірінші вице-президенті Болат Көшербаев және "Қайсар" ФК директоры Эдуард Глазунов марапаттады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны