11.05.2017, 15:51 5240

Қызылорда облысы білім басқармасыныӊ ауыспалы кубогы сарапқа салынды

Ұлы Жеӊіске 72 жылдық мерекесіне орай облыстық білім басқармасыныӊ ауыспалы кубогы үшін техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарыныӊ студенттері мен мектеп оқушылары арасында жеӊіл атлетикалық аралас эстафетадан облыстық жарыс өтті.

Қызылорда. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Ұлы Жеӊіске 72 жылдық мерекесіне орай облыстық білім басқармасыныӊ ауыспалы кубогы үшін техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарыныӊ студенттері мен мектеп оқушылары арасында жеӊіл атлетикалық аралас эстафетадан облыстық жарыс өтті.

Жарыста техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарыныӊ студенттерінен және мектеп оқушыларынан құралған 32 командадан өз шеберліктерін сынады

Жарыс қортындысы бойынша Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары командалары арасында І-орын М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжініӊ командасына бұйырды. ІІ-орынды Қызылорда медициналық жоғары колледжініӊ командасы, ІІІ-орынды Болашақ Университетініӊ колледжі командасы иеленді.

Жалпы білім беретін мектеп командалары арасында І-орынды №198 орта мектеп командасы, ІІ-орынды №39 "Қызылөзек" орта мектебініӊ командасы, ІІІ-орынды П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебініӊ командасы жеӊіп алды.

Жарыс қорытындысына сай жүлдегер және жеӊімпаз командаларды облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов құттықтап, жарыстыӊ арнайы диплом және естелік кубоктарымен марапаттады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны