15.06.2017, 14:13 4818

Қызылорда облысында эпизоотиялық іс-шараларды атқаруға 672,4 млн. тенге қаржы бөлінді

Иртүрлі паразитарлық аурулардыӊ алдын алу мақсатында қаӊғыбас ит пен мысықтарды аулап, жою тұрақты жүргізіліп келеді. Биыл бұл мақсатқа 40,8 млн. теӊге бөлініп, қазіргі күні 6760 бас қаӊғыбас ит пен мысық жойылды.

Қызылорда. 15 маусым. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылы Қызылорда облысында эпизоотиялық іс-шаралардыӊ алдын алу мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 5906 мыӊ доза ветеринариялық препарат және осы іс-шараларды атқаруға 672,4 млн. тенге қаржы бөлінді.

Алғашқы тоқсанда 2207,7 мыӊ дозасы жеткізіліп, алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде. Сарып індетіне қарсы 72,7 мыӊ сиыр, 100 мыӊ уақ мал тексеріліп, нәтижесінде ауру 27 МІҚ, 15 уақ мал анықталды. Олар ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес сойылды.

Жануарлардыӊ энзоотиялық ауруларына қарсы дәрі-дәрмек сатып алуға соӊғы жылдары облыстық бюджеттен тұрақты қаржы бөлініп келеді. Үстіміздегі жылы 230,5 млн. теӊге бөлінді.

Иртүрлі паразитарлық аурулардыӊ алдын алу мақсатында қаӊғыбас ит пен мысықтарды аулап, жою тұрақты жүргізіліп келеді. Биыл бұл мақсатқа 40,8 млн. теӊге бөлініп, қазіргі күні 6760 бас қаӊғыбас ит пен мысық жойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны