29.11.2017, 17:26 6727

Қызылорда облысыныӊ Жалағаш кентінде дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир болып өтті

Дүбірлі бәсекеге Астана, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маӊғыстау, Оӊтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 400-ге жуық татами шеберлері 9 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.

Қызылорда. 29 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Жалағаш кентінде дзюдодан 2003-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында ауыл шаруашылығыныӊ көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовті еске алуға арналған республикалық турнир болып өтті.

Дүбірлі бәсекеге Астана, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маӊғыстау, Оӊтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 400-ге жуық татами шеберлері 9 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.

Жарыстыӊ бас төрешісі Арман Молдахановтыӊ айтуынша республикалық турнир жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Өз салмақ дәрежелерінде мына спортшылар бірінші тұғырдан көрінді:

35 келі - Данил Сұлтанхан (Астана қ.), 38 келі - Рамазан Қартаӊбай, 42 келі - Нұрдаулет Смедиев (Қызылорда), 46 келі - Ілияс Нұрмаханұлы (Ленгер), 50 келі - Диас Давлятов (ОҚО), 55 келі - Дінмұхаммед Алтай (Қызылорда), 60 келі -Мирас Мүслімов (Астана қ.), 66 келі - Рамазан Исембек (Қызылорда), + 66 келі - Имір Ақтаев (Астана қ.).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны