07.03.2017, 12:15 5159

Қызылордада көркем гимнастикадан "Сыр жұлдыздары" атты облыстық ашық чемпионат өтті

Қызылордада көркем гимнастикадан "Сыр жұлдыздары" атты облыстық ашық чемпионат өтті. Қатарынан бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған жарысқа еліміздіӊ он бір облысынан және Қырғызстаннан 400 спортшы қатысты.

Қызылорда. 7 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылордада көркем гимнастикадан "Сыр жұлдыздары" атты облыстық ашық чемпионат өтті. Қатарынан бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған жарысқа еліміздіӊ он бір облысынан және Қырғызстаннан 400 спортшы қатысты.

Сайыс кезінде жеке және топтық жаттығу бағдарламалары бойынша 2000-2012 жылдары туылған гимнастшы қыздар өз өнерлерін ортаға салды.

Жарыста 1-6 орынды иеленген гимнастшылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық көркем гимнастика федерациясы және ата-аналар комитеті дайындаған диплом, медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Топтық жаттығу бойынша мына командалар жеӊімпаз атанды:2005-2006 ж.т. Қызылорда, 2006-2007 ж.т. Жамбыл, 2007-2008 ж.т. Алматы, 2008 ж.т. Жамбыл, 2009 ж.т. Қызылорда, 2010 ж.т. Алматы қаласы.

Жеке жаттығуда 2006 ж.т.Құралай Сапар, 2007 ж.т. Ақбота Өтеген доппен ( екеуі де Қызылорда), 2007 ж.т. Алина Ли (Алматы) - шиыршықпен, 2008 ж.т. Динара Амангелді (ОҚО) - доппен, 2008 ж.т. Милана Кобзарь (Алматы қ.) шеӊбермен, 2009 ж.т. Мархаба Жұмагелді (Алматы қ.) - шиыршықпен, 2009 ж.т. Медина Ибрагим (Қызылорда)-шеӊбермен, 2010 ж.т. Зере Ибдіқабыл (Қызылорда)-доппен, 2010 ж.т.Полина Кононова (Бішкек), 2010 ж.т. Адель Агыбаева (Павлодар) - шеӊбермен, 2011 ж.т. Айша Сұлтан (Қызылорда) - бұйымсыз, 2011 ж.т. Милана Алипова (Павлодар) - шеӊбермен, 2012 ж.т. Айсан Асхатқызы (Қызылорда) жеӊімпаз атанды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны