17.05.2016, 18:18 8877

ҚР ҚМ АОСК-ныӊ спортшысы кикбоксингтан әлем кубогыныӊ қола жүлдегері атанды

Илем кубогыныӊ венгриялық кезеӊі әр жыл сайын ғаламшардыӊ мықты кикбоксерлары бас қосатын еӊ беделді бәсекелердіӊ бірі болып табылады. Осы жылы сайысқа 35 елдіӊ спортшысы қатысты

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Венгрияныӊ астанасы Будапештте кикбоксингтен WAKO 2016 бойынша әлем кубогы аяқталды. Армия орталық спорт клубыныӊ спортшысы Шыӊғыс Ысқақов 86 келі салмақта турнирдіӊ қола медалі жүлдегері атанды. Жартылай финалдық тартыста спортшы ұпай бойынша 2015 жылғы кикбоксингтан әлем чемпионатыныӊ жүлдегері Украинаныӊ спортшысы Виталий Кровчактан жеӊіліп қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Илем кубогыныӊ венгриялық кезеӊі әр жыл сайын ғаламшардыӊ мықты кикбоксерлары бас қосатын еӊ беделді бәсекелердіӊ бірі болып табылады. Осы жылы сайысқа 35 елдіӊ спортшысы қатысты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

"Илем кубогы жоғары деӊгейде өтті. Өз елдерініӊ үздік өкілдері қатысты. Украиналық спортшымен өткен жекпе-жек тартысты болды. Илем кубогына дейін ол 91 келі салмақта өнер көрсеткен болатын. Ал қазір ол 86 келі салмақта өнер көрсетіп жүр", - деп Шыӊғыс Ысқақов атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны