29.01.2017, 18:54 4858

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде "Қазақстан спортыныӊ тарихы" атты көрменіӊ ашылуы өтті

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде Алматы қаласындағы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға орайластырылған "Қазақстан спортыныӊ тарихы" атты көрменіӊ ашылуы өтті.

Алматы. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде Алматы қаласындағы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға орайластырылған "Қазақстан спортыныӊ тарихы" атты көрменіӊ ашылуы өтті.

Көрмені Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директорыныӊ орынбасары Қақабаев Бейбітқали Смағұлұлы ашты.

Елімізде XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданыӊ өтуі және Қазақстанныӊ ТМД елдерініӊ ішінде еӊ алғашқы болып осы қысқы Универсиаданы өткізуі - бүгінгі Егемен Қазақстанныӊ спорттық державалар алдында спорт саласында үлкен нәтижелерге жеткенін мойындатып, зор беделге ие болып отырғандығыныӊ дәлелі.

Көрменіӊ ашылуына келген құрметті қонақтар - грек-рим күресініӊ палуаны, Халықаралық спорт шебері, КСРО-ға Еӊбегі сіӊген спорт шебері, қазақтан шыққан тұӊғыш Олимпиада чемпионы және Илем чемпионы Жақсылық Имірәліұлы Үшкемпіров, Қазақстандағы алғашқы КСРО-ға Еӊбегі сіӊген спорт жаттықтырушысы, биология ғылымдарыныӊ кандидаты, профессор Хван Май Ундеевич, Қазақ КСР-іне Еӊбегі сіӊген спорт жаттықтырушысы, Самбодан алғашқы қазақстандық халықаралық дәрежедегі төреші, профессор, Қазақ спорт және туризм академиясы күрес кафедрасыныӊ меӊгерушісі Шепетюк Михаил Николаевич сөз алды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Мәдени-білім жұмысы орталығыныӊ музейлік педагогика секторы қызметкерлері Алматы қаласындағы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға арналған музей қорыныӊ коллекциясы негізінде құрылған "Қазақстан спортыныӊ тарихы" көрмесі аясында 5-7 сынып оқушыларына қазақ және орыс тілдерінде мәдени-білім беру бағдарламасын әзірледі. Мақсаты - Қазақстан спортыныӊ даму тарихымен таныстыру мен отандық спортшылардыӊ жетістіктерін насихаттау.

Көрменіӊ ашылуы күні №96 жалпы білім беретін мектеп және №24 физикалық-математикалық лицей оқушылары үшін XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға арналған жедел-сауалнама мен "Қазақстан спортыныӊ тарихы" көрмесі экспозициясыныӊ негізінде құрастырылған 8 Зияткерлік интерактивті ойын-викторинасы жүргізілді. Жеӊімпаз топтарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі атынан мадақтама және кәдесыйлар берілді.

Көрме Универсиада өтетін уақытта және оқушылардыӊ қысқы демалыс кезінде 26 наурызға дейін жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны