18.02.2026, 09:48 3996

Милан-Кортина 2026: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты

Милан-Кортина 2026: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты
Сурет: gov.kz
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер сайысында финалға өткен 24 спортшының есімі белгілі болды. Қазақстан атынан өнер көрсеткен Софья Самоделкина әзірше 12-орында келе жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Софья қысқа бағдарламасында 68.47 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ оның Олимпиададағы дебюті туған күнімен (19 жас) тұспа-тұс келді.

Қысқа бағдарламаның қорытындысы (29 қатысушы):

1.Ами Накаи (Жапония) - 78.71 ұпай

2.Каори Сакамото (Жапония) - 77.23 ұпай

3. Алиса Лю (АҚШ) - 76.59 ұпай

12-орын. Софья Самоделкина - 68.47 ұпай

Шешуші еркін бағдарлама 19 ақпан күні Астана уақытымен 23:00-де өтеді.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында Қазақстан екінші мәрте ғана жүлдеге таласып жатыр. 2018 жылы Пхенчхан Олимпиадасында ел намысын Айза Мамбекова мен Элизабет Тұрсынбаева қорғаған еді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны