08.08.2016, 21:19 8262

ОҚО-да тұӊғыш рет ел Президентініӊ жүлдесіне арналған халықаралық турнир басталды

Оӊтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ҚР Президентініӊ Кубогіне арналған жасөспірімдер арасындағы футболдан халықаралық турнир бастауын алды

Астана. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ҚР Президентініӊ Кубогіне арналған жасөспірімдер арасындағы футболдан халықаралық турнир бастауын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ІХ Халықаралық турнирдіӊ салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімініӊ орынбасары Ұ.Сәдібеков шараны ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

"2008 жылы Алматы қаласында бастау алған бұл халықаралық турнир, кейінгі 6 жылда Елордамыз Астана қаласында өтіп келді. Қазақстан Футбол федерациясыныӊ ұсынысына орай, біздіӊ қолдауымызбен 2016 жылы 9-турнир Шымкент қаласында өткізіліп отыр. Осы сәтті пайдалана отырып, Қазақстан футбол федерациясы басшылығына облыс әкімі және облыс тұрғындары атынан шынайы алғысымды білдіремін", - деді облыс әкімініӊ орынбасары.

Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай, Қазақстан Футбол федерациясыныӊ ұйымдастыруымен, Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігініӊ қолдауымен қолға алынған спорттық іс-шараға Албания, Изербайжан, Иран, Рессей-2, Қырғызстан, Тәжікстан, Крузейро-Қазақстан және Қазақстан футбол командалары қатыспақ. Ал ойындар "Тассай" шағын ауданындағы "БИІК" спорт кешенінде, күнделікті сағат 10:00-17:00 аралығында өтеді.

Халықаралық турнирдіӊ жүлде қоры қомақты. Жарыс нәтижесінде 3-орын алған командаға 3 мыӊ АҚШ доллары берілсе, 2-орын алған командаға 5 мыӊ АҚШ доллары бұйыратын болады. Ал турнирдіӊ жеӊімпазына 7 мыӊ АҚШ доллары дайын тұр. Сондай-ақ, турнир аясында ұйымдастырушылар алқасы тарапынан "Үздік төреші", "Үздік қақпашы", "Үздік қорғаушы", "Үздік жартылай қорғаушы", "Турнирдіӊ Үздік мергені" және "Үздік ойыншы" аталымдары да белгіленген.

Айта кетейік, турнирдіӊ ақтық ойыны 2016 жылдыӊ 12 тамыз күні, сағат 17.00-де Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны