29.11.2017, 17:25 6573

Польшада өткен грек-рим күресінен Илем чемпионатында қызылордалық Айдос Сұлтанғали қола жүлдені иеленді

Польшаныӊ Быдгощ қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ерлер арасында өткен Илем чемпионатында Қызылорда облысы тумасы Айдос Сұлтанғали 59 келі салмақта қола жүлдені иеленді.

Қызылорда. 29 қараша. Kazakhstan Today - Польшаныӊ Быдгощ қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ерлер арасында өткен Илем чемпионатында Қызылорда облысы тумасы Айдос Сұлтанғали 59 келі салмақта қола жүлдені иеленді.

Ол бірінші белдесуде Алжир спортшысын техникалық әдіспен жеӊсе, одан кейінгі кездесулерде қарсыластарын 10:4, 6:5 есептерімен айқын басымдықпен ұтты. Жартылай финалда жапон балуанына 6:5 есебімен есе жіберіп алды. Қола медаль үшін болған кездесуде Болгария спортшысынан айласын асырып, үшінші орынды алды.

Айтулы жарысқа Қазақстан құрамасынан 8 спортшы қатысса, жалғыз қола медальді Сыр спортшысы еншіледі. Айта кетейік, облыс тарихында 2005 жылы грек-рим күресінен ересектер арасында Ермек Көкетов Илем чемпионатында қола жүлдегер атанса, оныӊ жетістігін ізбасары Айдос қайталады.

А.Сұлтанғали 1996 жылы Қызылорда қаласында туылған. Грек-рим күресінен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасында Қазақстан чемпионы, ересектер арасында күміс жүлдегері. 2015 жылғы жасөспірімдер, 2016 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы. Биылғы жылғы Түркіменстанныӊ астанасы Ашхабад қаласында өткен жабық кешендегі Азия ойындарыныӊ қола жүлдегері.

Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Айдостыӊ бапкерлері Ғабиден Райымбек және ҚР еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы Виктор Юн.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны